Шіркейлі ауылының жастарымен кездесу ұйымдастырылды

Ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламалар мен жастарға берілетін жеңілдіктер түсіндіріліп, алдағы атқарылар жүйелі жұмыстар мен тың бастамалар айтылды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті бөлімдермен бірлесіп жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерге тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасау туралы анықтамалар берілді.
Одан әрі ауыл жастары ұсыныс-пікірлерін айтып, өздеріне қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Жалынды жастар ауыл әкімі мен орталық директорына алғыс білдіріп, алдағы уақытта барлық бастамаларға қолдау жасайтындықтарын жеткізді.
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы