«ЖҰЛДЫЗАЙ» БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІ

IMG_6888

Жақында кент мәдениет үйінде аудандық мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігі мен психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Фестивальда аудан бойынша 12 орта білімді мектептерден 20 үміткер қолөнер, би жанры, бейнелеу өнері, ән жанры номинациялары негізінде бақтарын сынады. Шараға облыстық білім басқармасының қызметкері Г.Анафина, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ж.Ашықбаев, аудандық мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрғасы Б.Сауытбаев, әуез мектебінің ұстазы Р.АРҒЫнБАЕВА, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің директоры Ж.Сағындықова, ұстаздар, аудан тұрғындары, оқушылар қатысты.

Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын фестивальды аудандық мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрғасы Б.Сауытбаев ашып, қатысушы талапкерлерге сәттілік тілей отырып, ізгілікті шараның маңыздылығына тоқталды. Шараның басты мақсаты ерекше қажеттіліктері бар мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерге бейім екендігін көпшілікке аңғарту, қоғам арасында оқшау ұстамай алға қарай жетілдуру, ән салу, би билеу өнерлерімен қатар бейнелеу, қолөнер туындыларын жетілдіре отырып, балаларды қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Аудан көлемінде шоғырланған мүмкіндігі шектеулі жандар қазіргі таңда өз қабілеттері арқылы көпшілікке танымал. Республика шеңберінде үлкен мәнге ие «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі өнерпаздардың шеберлігін шыңдап, шығармашылық біліктіліктерін арттырады. Жас талапкерлер әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Арнайы төзімділік пен қажырлық талап ететін қолөнер сайысында шеберлер жыл бойына жасаған шығармашылық туындыларын жұртшылыққа ұсынды. Қылқаламға тіл бітірген суретшілер де өз қабілеттерін байқатты. Өмірге құштар бұл жандардың дарыны өзгелерден кем түспейді. Сахна төрінде өз шеберліктерін барынша көрсете білді.
Сайыс қорытындысында әділқазылар шешімімен «Қолөнер» номинациясы бойынша Н.Альбекұлы, би жанры бойынша Г.Уайдаева, бейнелеу өнері бойынша А.Қожекеева, ән жанры бойынша Г.Әбсадықова топ жарып, облыстық «Жұлдызай балалар шығармашылық фестиваліне жолдама алды. Басқа да қатысушылар жүлделі орындарды өзара бөлісіп, арнайы «Дипломдар» мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Өз кезегінде облыстық білім басқармасының қызметкері Г.Анафина сөз сөйлеп, балалар шығармашылығы бар жағынан көрінгендігін, нағыз жеткіншектер үшін таптырмас мол мүмкіндік туғандығын жеткізді. Осылайша балалар арманы орындалуына себепкер болған ұйымдастырушы тарап бала бойындағы дарынды қабілетті жарыққа шығаруда өлшеусіз еңбек етті. Психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің мамандары білім мен тәжірибенің арқасында практикалық тұрғыда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда өз орындарын табуға күш салып келеді. Аталмыш ұжымға алдағы уақытта қажырлы еңбек ете беруге тілектестік білдіреміз.

Б.Ордабеков

Көрудің саны: 284  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру