ҰСТАЗДАР ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

IMG_20171010_172311

Бүгін ауданға қарасты  №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында педагогикалық ұжыммен «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Шара барысында мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұ.Қалхоразова латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуге байланысты жобаны кеңінен талқылап, қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты өзекті мәселелерді ашып айтты.  Қатысушылар жаңа жаһандану заманы жағдайында мемлекеттік тілдің әліпбиін өзгерту қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруының шешуші құралы, әрі нақты тарихи қажеттілік болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар болашақ үшін жасалып жатқан маңызды қадамды ұстаздар қолдайтындықтарын жеткізді.

 

Көрудің саны: 103  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру