НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН ЖАПОНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

f63047aa7d70e3037b5a85c74f20f294_resize_w_520_h_

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатаны қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қос тараптың алғашқы ресми кездесуінде екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар биыл екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толғанына айрықша назар аудара келіп, осы уақыт ішінде жеткен жетістіктерді одан әрі еселей түсудің маңыздылығына назар аударды.

Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ арасындағы достық қатынастың арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық бүгінгі күні барлық салада кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті.

Сонымен бірге, біздің елдеріміз ядролық қарусыздану және таратпау, атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану, тұрақты даму бағытында өте жақын серіктестер.

Мәжіліс төрағасының пікірінше, екіжақты ынтымақтастықты дамытуда парламенттік дипломатияның өзіндік орны бар.

Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы ретте мәжіліс спикері біздің еліміз ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын қойғанын, оған жетуде алдыңғы қатарлы мемлекеттер тәжірибесінің маңыздылығын алға тарта келіп, бұл жолда 70 жылдық тарихы бар жапондық парламентаризмнің ықпалы айрықша екенін атап өтті.

Елші өз қызметінің былтыр Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында басталып, биыл қос мемлекет арасындағы дипломатияның мерейтойлық маңызды кезеңімен жалғасып жатқанын, әрқашанда елдер арасындағы достық әрі әріптестік ықпалдастықты күшейтуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу иелері ЭКСПО көрмесі төңірегіндегі қорытынды ой-пікірлерін де назардан тыс қалдырмады.

https://baq.kz/kk

 

 

Көрудің саны: 32  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру