МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

20171010162844179_big

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Елбасыға әлемнің үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы құрылып жатқан халықаралық қаржы орталығын іске қосуға әзірлік жұмыстары жөнінде мәлімделді.

Қазақстан Президентіне 2018 жылғы қаңтарда ашылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығының Тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраждық орталықтың нормативтік құжаттарын дайындау жұмысы аяқталғаны туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа орталықты дамытудың негізгі бағыттары жөнінде мәлімдеп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоғары технологиялық биржасын құру барысы туралы айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қазіргі уақытта Шанхай қор биржасымен және Nasdaq Inc. компаниясымен қаржы орталығын одан әрі қалыптастыруға және дамытуға септігін тигізетін келісімдерге қол қойылғанын атап өтті.

Елбасы ұсынылған есепті назарға алып, бірқатар нақты тапсырма берді.

«Қамшы» сілтейді

Көрудің саны: 67  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру