ДІН — ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

d0bad0bed0bbd0bbd0b0d0b6-14

Қазіргі таңда қоғамымызда Ислам дінін өз деңгейінде түсіне алмай әсірешілдікке бой алдырып жүрген жас­тарды көптеп көріп жүрміз.
Қазақ халқында: «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген керемет сөз бар. Алланың тура жолы шариғат белгілеп берген шеңбермен үйлесім тапқанда ғана жүйелі өмір түзіледі.
Осы орайда аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Бұхарбаев, аудандық «Мұсылмандар» мешітінің бас имамы А.Асқарұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарының қатысуымен ауылдық округтерінде тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілді.
Кездесу барысында дінаралық татулықты ту еткен ауданымызда өзге дін өкілдерімен қатар өмір сүргенде бейбітшілікті, ымыраластықты, өзара татулық пен діни төзімділікті негізге ала отырып, дінде шынайы болу, дінді ұстану деген мағынадағы «діндарлық» пен «дінде әсірешілдік, яғни шектен шығу» ұғымдарына кеңінен тоқталып өтті.
Ислам діні – әрбір істе таразының басын тең ұстап, астамшылдық пен нұқсандыққа жол бермеуге шақыратын дін десек, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз міндетті!

С.Сыздықова,
аудандық жастар ресурстық
орталығының кеңесшісі

Көрудің саны: 84  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру