ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жақында аудандық сот төрағасы А.Абдулла өткен жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді. Оған аудандық соттың судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты. Баспасөз мәжілісін ашқан сот төрағасы 2016 жылы қаралған қылмыстық істерге тоқталып, статистикалық мәліметтерді атап өтті. Мәселен, былтырғы жылы 99 адамға қатысты 70 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 48 іс бойынша 63 адамға үкім шығарылған. 29 адамға қатысты 16 іс қысқартылса, 3 іс соттылығы бойынша жолданған және 3 іс прокуратураға кері қайтарылыпты. Ал 15 қылмыстық іс медиаторлардың қатысуларымен қаралған. Есепті мерзімде 8 жекеше қаулы қабылданып қойған. Сондай-ақ, есепті…

Толығырақ

«СОТ КАБИНЕТІ» ҰСЫНЫП ОТЫРҒАН МҮМКІНДІК КӨП

«СОТ КАБИНЕТІ» ҰСЫНЫП ОТЫРҒАН МҮМКІНДІК КӨП

«Сот кабинеті» сервисі соттарға қол жетімділікті қамтамасыз етудің бірден-бір тиімді жолы. Бұл жүйенің басты ерекшелігі азамат, оның өкілі, адвокат немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сотқа талап арыз, шағым, апелляциялық шағымын жібере алады. Бұған қоса, сот құжатын, істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алады. «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін сотқа жүгінген әрбір азамат Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Қазіргі кезде сервис арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі де шешімін тапты. Ал, жеке тұлғаның төлем…

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҚАЖЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҚАЖЕТ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталуы, мемлекеттік сатып алудың камералдық бақылау жайлы» тақырыпта семинар-кеңес өтті. Семинарға Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қайрат Тұрымтаев, Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №2 мемлекеттік сектордың аудит бөлімінің басшысы Бекболат Шәріпбеков, аудан әкімінің орынбасары Қанат Мыңбаев, дербес бөлім басшылары, мекеме есепшілері қатысты. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қанат Мыңбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Семинардың басты мақсаты мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу…

Толығырақ

ДІНИ БІРЛЕСТІК ТАРАТЫЛУДА

ДІНИ БІРЛЕСТІК ТАРАТЫЛУДА

Облыстық ішкі саясат басқармасы ҚР «Азаматтық Кодексінің» 49-бабының 2-бөлімінің 2-бөлімшесін негізге ала отырып, «Жергілікті Інжілдік Христиан-Протестанттар» діни бірлестігінің Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі Пресвитериандық «Таңғы Жұлдыз» Шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану және заңды тұлғаны тарату бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады. Аталмыш істе анықталғандай, діни бірлестікті құруға қажетті 50 азаматты жинау барысында діни бірлестікке қатысы жоқ азаматты еркінен тыс, қолтаңбасын ұқсатып қою арқылы бастамашы азаматтар тізіміне енгізген. Бұл туралы хабардар болған аталмыш азамат құқық қорғау органдарына жүгінеді. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілгенімен,…

Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — ҚОҒАМ ДЕРТІ

Мемлекеттің дамуына елдің әрбір азаматы үлес қосуға мүдделі. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен мемлекеттік қызметтің баршаға сапалы болуын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін материалдық игілік, жетістіктер мен сапалы білім болуы тиіс. Дегенмен, адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі болып отыр. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де бұл кесел айналып өтпеді. Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас…

Толығырақ

БАСТЫ МАҚСАТ – ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

БАСТЫ МАҚСАТ – ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы тарапынан қылмыстық және құқықбұзушылық әрекеттерді болдырмау мен алдын алу мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқаны баршамызға белгілі. Прокуратура органдарының бастамасымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, мәжілістер мен жеке қабылдау іс-шаралары тұрақты өткізіліп, күн сайын ел азаматтарына құқықтық тұрғыда қажетті бағыт-бағдар беріліп жатқаны соның анық дәлелі. Республика көлемінде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар ауданда да ұтымды үйлестірілуде деп айтуға толық негіз бар. Мәселен, өткен айда аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен кент орталығында ауқымды жиын өтіп, оған аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инс­пекторлары,…

Толығырақ

ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Небәрі 25 жасында өшпес ерлік көрсетіп, елінің тыныштығы үшін өмірін қиған Талғат Қозыбаев бейбіт күннің аңызға айналған батыры. Ол сын сағатта қазақ баласының қайсарлығын, әділдігін, азаматтығын паш еткен бірегей қаһарман. Елдік шежіресінен ойып тұрып орын алған ардақты азамат кейінгі буынға үлгі, өз қызметтестеріне өнеге боларлық өмір иесі. Өткен аптаның жұмасында қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың әкесі Есентай аға, анасы Шынар апа және мен Шиелі ауданына жол тарттық. Мақсат – жерлестер мақтанышына айналған, Елбасы Жарлығымен ІІ дәрежелі жауынгерлік «Айбын» орденінің иегері атанған Талғат Қозыбаевтың есімімен аталатын Тартоғай ауылдық округіндегі…

Толығырақ

ЗАҢ БІЛМЕГЕН ЗАРДАП ШЕГЕДІ

ЗАҢ БІЛМЕГЕН ЗАРДАП ШЕГЕДІ

Жақында Азаматтық Альянсы қауымдастығының қолдауымен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен журналистер арасында «Заң білмеген зардап шегеді» тақырыбында облыстық байқау өткізілді. Сыр өңірі журналистерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, журналистерге құқық тақырыбына қалам тербеуге бағыт-бағдар беру, ынталандыру – байқаудың басты мақсаты болып табылды. Конкурсқа 20-29 жас аралығындағы ақпарат құралдарында қызмет ететін Қызыл-орда облысының жур-налистері мен журналистика мамандығында білім алатын студенттер қатысып, бағын сынады. Кәсіби сарапшылардан құралған қазылар алқасы келіп түскен материалдардың ішінен үздік жиырма мақаланы сараптап, екінші кезеңге жолдама берді. «Заң білмеген зардап шегеді» тақырыбында байқауға келіп түскен мақалалардың басым бөлігі қоғамда орын…

Толығырақ

«АҒЫН-2016» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ

«АҒЫН-2016» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ

2016 жылғы 8 қарашада Қызылорда облысында «Ағын-2016» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр.  Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми сайтында жарияланды. Оның мақсаты азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің күштері мен басқару органдарын қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және оны жою шараларына дайындау. Оқу-жаттығу қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесімен қатар азаматтардың дайындық және қабілет деңгейін арттыруға негізделген. Оқу-жаттығу барысында: — авариялық-құтқару және кезек күттірмес жұмыстар жүргізу, бірінші кезекте адамдарды іздеу мен құтқаруға негізгі күштерді жұмылдыру, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, адамдарды өрт шыққан қауіпті жерлерден жақын маңдағы елді-мекенге және емдеу…

Толығырақ

ЕКІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

ЕКІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Кент мәдениет үйінде аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Стоп ұрлық, есірткіге жол жоқ» атты семинар-кеңес болып өтті. Келелі басқосуды аудан прокуроры А.Б.Тәженов ашып жүргізді. — Бүгінгі семинар-кеңесте қаралатын екі мәселе де адам өмірі, тұрмысы үшін өзекті. Мал ұрлығы және есірткі қылмысына қарсы күрес құқық қорғау органдарымен қатар мемлекеттік мекемелердің, жалпы жұртшылықтың бірлескен іс-қимылын қажет етеді. Сондықтан халықпен етене араласып, олардың арасында түсінік жұмыстарын жүргізудің мәні ерекше. Қандай қылмыс түріне де көп болып қана тосқауыл қоя аламыз,-деді Асхат Бисенбайұлы. Бірінші мәселе мал ұрлығы бойынша аудан прокурорының орынбасары Т.Орақбаев хабарлама жасады. -«Мал тұяғы қазына»…

Толығырақ