ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІНДЕЙ

ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІНДЕЙ

Еліміз егемендік алып, дамудың дара жолына түскеннен кейін ата-бабаларымыздың ел үшін сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа таныту, еңбегіне баға беріп, құрмет көрсету – жас ұрпақтың бұлжымас борышы саналады. Олардың ел үшін жасаған үрдісті істері бүгінгі толқынға үлгі-өнеге екені анық. Сондықтан ел дамуына айрықша еңбегі бар кешегі ағаларды дәріптеу жас толқынға тәлімді тәрбие болмақ. Биыл Асқар ауылының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан ардақты азамат О.Сақыбековтың туғанына 100 жыл толып отыр.  «Ел» деп емірене еңбек еткен тұлғаның жанкешті жұмысы көпке белгілі.  Ол қиын-қыстау кезеңде шатқаяқтаған шаруашылық жұмысын ілгері тартып, тынбай еңбек еткен жандардың бірегейі….

Толығырақ

ДЕРТКЕ ДАУА ТАПҚАН ДӘРІГЕР

ДЕРТКЕ ДАУА  ТАПҚАН ДӘРІГЕР

Халық денсаулығының мықты болуы – еліміздің медицина саласында еңбек етіп жүрген дәрігерлердің қолында екендігі анық. Ақ халатты абзал жандар антына адал болып, басы ауырып, балтыры сыздағандардың дертіне дауа іздеп, ел ризашылығын алуды басты мақсат еткен. Бүгінде сондай құрметке бөленіп, еліміздің, оның ішінде өңірдің денсаулық саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген білікті дәрігерлердің бірі және бірегейі – Тұрғанбай Маханов. Адам жанының арашашысы болып, сырқатынан құр сүлдері қалған жандарға үміт сәулесін сыйлаған медицина саласы ардагерінің өнегелі істері сырбойылықтарға мәлім. Республикаға танымал тұлға алдына келген әрбір адамға тәжірибелі маман ретінде қарапайымдылығымен, біліктілігімен…

Толығырақ

ҰРПАҒЫНА ӨМІРІМЕН ӨНЕГЕ

ҰРПАҒЫНА ӨМІРІМЕН ӨНЕГЕ

Қарапайым шаруа адамдардың отбасында 1947 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеге келген Ажаркүл ақжарқын, бауырмал, пысық қыз болып бой жетті. Қараторы әдемі жүзіне тоқпақтай қос бұрымы жарасып тұратын. Мектепте оқып жүргенде қазалылық ару көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болды. Кейін елге белгілі термеші болған Науат Ойнаровамен Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте бірге оқып, сахнада бірге ән шырқады. Сегіз қырлы, бір сырлы бойжеткен он саусағынан өнері төгілген қолөнер шебері де еді. Қазақы аруға тән бар өнерді бойына жиған өнерлі бойжеткенге жалағаштық жас жігіт Серікбай (Бисенов) бір көргеннен ғашық болады. Қазалы ауыл шаруашылық техникумының озат…

Толығырақ

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК, ЕҢБЕГІ ЕРЕН

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК,  ЕҢБЕГІ ЕРЕН

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында таяу жылдарда қолға алу қажет жобаларды ұсынды. Соның ішіндегі «туған жер» бағдарламасында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.» — деп атап өткен болатын. Сол айтқандай, туған жердің тұғырын биік көтеріп, атамекенге деген перзенттік парызын темірқанат жырларына қосқан біртуар азамат – Төлепберген Тобағабыл. «Тереңөзегім»…

Толығырақ

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Әр ауыл аймақтың өмірден өтіп көзден таса болса да көңілінен кетпейтін, ел есінде қалатын тұлғалар болады. Сондай жандардың бірі бүгінгі күні дүниеге келгеніне 100 жыл толып отырған Ұлы Отан соғысында ерлігі еленіп, соғыстан кейінде ел басқарған, ел жадында қалған Сайымұлы Жақан. Сайымұлы Жақан 1917 жылы Тасарық елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Сайым мен анасы Ауа өздері оқымасада көзінің ағымен қарасындай Жақан мен Айтбайды оқытуға бар жағдайын жасап бағады. Еті тірі зерек жас Жақан алты жылдық білімімен-ақ Тасарық ауылдық кеңесінде хатшылық қызмет атқарады. Үйдің үлкені болған соң ата-анасы оны ерте үйлендіреді….

Толығырақ

ҚАЛАМГЕР

ҚАЛАМГЕР

Бұл азамат туралы қалам тербеу көптен ойда жүр еді. Биылғы жылы асқаралы 60-қа толды. Бесарық ауылындағы қалам ұстағандардың дарасы дегендей. Ерекше бір айта кететін жәйт, біздің кейіпкеріміз Жұмабай Байзақұлы еліміз егемендігін алған тұста берекелі Бесарық ауылының кеңестік «киімінен» ажырап, өзінің тарихи иеленуге еңбегі зор болды. Табиғатынан бауырмал, жүрегі жұмсақ жан кейбіреулер тәрізді «мен өйттім, мен бүйттім» деп кеу­­де керуден ада. Қашанда елге қызмет етуге құмбыл жүретін азамат. Ол 1957 жылы Сырдария ауданының қазіргі Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген. Туған жерінде орта мектепті бітіргеннен кейін Қызылорда педагогикалық институтының музыка-педагогикалық факультетіне оқуға түсті….

Толығырақ

АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ АЗАМАТ

АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ АЗАМАТ

Қазір әлемнің кез келген қиырында, сонау мұхиттың арғы жағында немесе Шығыс елдері мен ТМД аумағында қазақ халқының білімді ұл-қыздарының жемісті еңбек етіп жүргенін аңғаруға болады. Бұл егемен елдің азаматтары үшін жер-жаһанның барлық есіктері ашық екенін білдірсе керек. Сырдариялық Ғалым Абызбайұлы да шет елде қажырлы еңбек етіп, Қазақ елінің мерей-мәртебесін арттырып жүрген атпал азамат. Ол бүгінде Әзербайжан Республикасының бас қаласы Бакудағы Әзербайжан-Қазақстан бірлескен «Petrochem Rauan Group» компаниясының директоры. Абырой тұғырындағы, бедел биігіндегі жерлесіміз туралы өзгелердің білгенін қаладық. Абызбаев Ғалым Абызбайұлы 1967 жылдың 16 маусымында Қызылорда облысы Тереңөзек қыстағында дүниеге келген. Әкесі…

Толығырақ

ТЕКТІ АТАНЫҢ ҰРПАҒЫ

ТЕКТІ АТАНЫҢ ҰРПАҒЫ

Тереңөзек ауданының тарихында Шолпан Жанбосынова термешілік, жыршылық өнерімен талай белестерді бағындырған айтулы өнерпаз. Ол 1947 жылы 24 наурызда Тереңөзек топырағында дүниеге келген. 1954-1965 жылдар аралығында аудан орталығындағы №35 М.И.Калинин атындағы орта мектепте біліммен сусындап, 11 жылдықты бітіргені туралы аттес­тат алып шықты. Мұнан соң Қызылорда қаласындағы медициналық училищеге оқуға түсіп, бұл арнаулы оқу орнын ойдағыдай тәмамдады. Еңбек жолын аудандық аурухананың балалар бөлімшесінде медбике болып бастады. Негізгі жұмысымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, аудандық аурухана жанындағы көркемөнерпаздар үйірмесі­нің белсенді мүшесі болды. Шолпан Жанбосынова өткен ғасырдың 80-ші жылдарының орта шенінен бастап үлкен…

Толығырақ

ЖОРЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЫЛДАР

ЖОРЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЫЛДАР

1939 жылы 16 ақпан күні Теренөзек аудандық әскери комиссариат арқылы Отан алыдындағы борышын өтеуге әскер қатарына алынған Ерімбетов Бұқарбай 1917 жылы Абай атындағы колхозы Далакөл ауылдық округте шаруа отбасында дүниеге келген. Әскери борышын өтеп жүрген кезде Ұлы Отан соғысы басталып, 1941 жыл 22 шілде және 1945 жыл 9 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысында алдыңғы қатарда атқыштар батальонында болды. Өзінің Отан алдындағы адалдығының, еңбекқорлығының, шыншыл және батыл іс-әрекеттерінің арқасында 1944 жылы партия қатарына қабылданып, өмірінің соңғы күніне дейін елдің гүлденуіне атсалысты. Ұлы Отан соғысы аяқталғанмен әскери борышын өтеуге қалып 1946 жылы…

Толығырақ

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

Ұлы Отан соғысында бақайшағына дейін қаруланған жаудың бетін қайтарып, Ұлы Жеңіске қол жеткізген ұрпақ-қайсар рухты ұрпақ екені даусыз. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз барынша қиыншылықты көріп өскен, сонда да мұқалмаған, тағдырдың дауылына қасқая қарсы тұрған жеңімпаз жандар десек қателеспейміз. Олар-осындай қайсарлығы арқасында тасмешін ашаршылықты, жан беріп, жан алысқан алапат соғысты жеңіп шықты. Биыл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 72 жыл. Жер бетін фашизм түнегінен құтқарған майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Елге-мұра, ұрпаққа-ұран болып, жалғаса бермек. Осындай сын сағатта Тереңөзектен мыңдаған ер азамат әскер қатарына шақырылып, Отан қорғауға аттанды. Олардың барлығы да елжанды…

Толығырақ