АҚ ХАЛАТ – АБЫРОЙДЫҢ БЕЛГІСІ

АҚ ХАЛАТ – АБЫРОЙДЫҢ БЕЛГІСІ

Ұлт медицинасы даму үстінде. Әсіресе, ана мен бала денсаулығы мемлекет тарапынан үлкен қолдауға, қамқорлыққа ие. Елордасы Астана қаласында көптеген Ұлттық медициналық орталықтар жұмыс жасайды. Қазір дертіне дауа іздегендер шетел аспайтындай жағдайға жетті. Елордадағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында еңбек ететін Үміткүл Әбдібекқызы Өтеген біздің жерлесіміз. Дәрігер ғылыммен айналысып, гинекология саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Назарларыңызға акушер-гинеколог Үміткүл Әбдібекқы­зымен болған сұхбатты ұсынамыз. – Үміткүл, біздің басылым туған жерден түлеп ұшқан шалғайда жүрген түлектерін аудан халқына таныстыруды мақсат еткен. Сондықтан өзіңіз жайлы оқырмандарымызға айтқымыз келеді. Алғашқы сұрақ туып-өскен туған жер кімге…

Толығырақ

ҚЫС ҚАҺАРЫ ҚАТТЫ БОЛАТЫНЫ РАС ПА?

ҚЫС ҚАҺАРЫ ҚАТТЫ БОЛАТЫНЫ РАС ПА?

Қазіргі таңда халық арасында «Су есептегіш құралдарды орнату тегін бе?», «Олардың орнатылу заңдылығы қалай?», «Биылғы қыс қатты суық болады екен», «Жүз жылда бір келетін қыс күтілуде» деген сұрақтар мен пікірлер жиі айтылып жүр. Халық арасында кең тараған аталған пікірлер туралы интернет-порталдар да жарыса жазуда. Расында да су есептегіш құралдарын орнатқанда нені ескеруіміз керек? Ал, қыс қаһары қатты болса, халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар дайын ба? Осы сұрақтарға жауап іздеп, жақында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияровқа бірнеше сауал жолдап, сұхбаттасқан едік. – Ержан Бахтиярұлы,…

Толығырақ

АЙТЫСТЫҢ АҚБЕРЕНІ

АЙТЫСТЫҢ АҚБЕРЕНІ

Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Өмірімізде, дәстүрімізде оның орны алабөтен. Қазаққа нағыз қуаныш сыйлайтын, рухани қуат беретін осы саф өнер десек артық болмас. Айтыс аламанында Нұрмат Мансұровтай ақтаңгердің суырып салма ақындық өнері күллі Алаш жұртына мәлім. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жарқын көрініс тапты. Сол құрметті жүздіктің құрамында жерлесіміз, Қазақстан Республикасы «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ақберен айтыс ақыны Нұрмат Мансұров та бар. Рухани дүниеміздің жанашыры- мен біздің газеттің тілшісі сұқбаттасқан болатын. – «Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дейді халық даналығы. Сол айтқандай…

Толығырақ

АСА ҚАУІПТІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ ЕРТЕ САТЫДА АНЫҚТАУ ТИІМДІ

АСА  ҚАУІПТІ  ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ  ЕРТЕ САТЫДА АНЫҚТАУ ТИІМДІ

Қазіргі таңда аса қауіпті жұқпалы аурулар жиі кездесіп жүр. Тұрғындар арасында ыждағаттылықпен денсаулығын күтіп ұстау ережелері тысқары қалып жатады. Мемлекет арнайы бағдарламалар негізінде қауіп-қатерге толы аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Осы ретте жоғарыда аталған мәселе бойынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ұзақбаев Ерлан Амантайұлымен сұхбаттасқан едік. — Ерлан Амантайұлы, Елбасы Жолдауында «Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдас­тырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады» — деп айтылғаны белгілі. Жалпы денсаулық саласын дамытуда мемлекеттік бағдарламаның жұмысы қандай? — Қазақстан Республикасының ден­­­саулық сақтау саласын дамы­тудың 2016-2019 жылдарға арнал­ған «Денсаулық»…

Толығырақ

868 БҮЛДІРШІН БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

868 БҮЛДІРШІН БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРАДЫ

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Барлық білім ордаларында қайта қоңырау соғылып, шәкірттер мектеп партасына отырады. Бұл айтулы күнге дейін мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз конференциясы өтіп, білім саласындағы жаңалықтар жан-жақты талқыланады. Осыған орай аудандық білім бөлімінің басшысы Баян Сүюбаева газет тілшісіне білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде сұхбат берген болатын. Сондай-ақ, оқушыларды оқулықтармен қамту, жылу беру маусымына дайындық мәселесін де бөлім басшысы егжей-тегжей айтып берді. – Баян Орынбекқызы, аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы қандай, мектептер жылыту маусымына дайын ба? – Аудан бойынша 17 мектептің 16-сы типтік, 1-уі…

Толығырақ

ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ ЕҢБЕК ЕТІП, «ПРЕЗИДЕНТ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІН» ҚҰРҒАН

ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ ЕҢБЕК ЕТІП, «ПРЕЗИДЕНТ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІН» ҚҰРҒАН

«Тура ағаш – үйге тіреу, тура азамат – елге тіреу» дейді дана халқымыз. Иә, ері елге тіреу болса, халықтың хал-жайы қатпарлы болмасы хақ. «Халық» деп мұқым елге қарық қып қызмет қылса, ер азаматтың ел алдындағы беделі биік болатыны да бесенеден белгілі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осындай патриотизмнің шынайы үлгісін көрсетіп, өзге өңірге кетсе де ел үшін емірене еңбек еткен тұлғаларды құрметтеу керектігін айтты. Мемлекет басшысы ерен еңбек иелерін кейінгі толқынға насихаттағанда ғана қасиетті халықтың құдыреттілігі артатынын атап көрсетті. Осындай елге, жерге деген сүйіспеншіліктің нағыз үлгісін көрсетіп,…

Толығырақ

ДӘРІГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

ДӘРІГЕРЛІК  ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Осы жылдың шілде айынан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесінің іске асуымен әрбір емдеу орны жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады. Себебі аталмыш қор осындай қызметке қаражат төлейді. Сондықтан жауапты жұмыстың бас­талуына орай амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың бас дәрігері Манат Садықоваға бірнеше сауал қойғанды жөн көрдік. – Манат Рүстемқызы, жаңа жүйе тұрғындар арасында кеңінен насихатталуда. Денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгеннен кейін бұл жүйеден не күтуге болады? Медициналық қызмет көрсетуде өзгерістер бола ма? – Міндетті әлеуметтік медициналық…

Толығырақ

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Көрші Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында және көршілес Қазалы ауданында шегіртке шырғалаңы белең алып, шаруалардың егініне қауіп төндіріп отырғаны белгілі. Бұдан зиянкестердің ерекше қауіпті, осал жау емес екендігін көреміз. Қанатты зиянкестердің біздің өңірімізге ауыр зардаптарын әкелуі мүмкін бе? Егіннің жауына қарсы ауданда қандай күрес шаралары жүргізілуде? Осы мәселелер төңірегінде біздің тілшіміз Сырдария аудандық аумақтық инспекциясының басшысы М.Б.Наурызбаевпен жедел сұқбат құрған болатын. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. – Марат Батырханұлы, өзіңізге белгілі қазіргі таңда ауыл шаруашылығының зиянкесі-шегірткемен күрес өткір қойылып отыр. Бұл бойынша ауданда қандай іс-шаралар жүргізілуде? – Біздің өңірімізде ерекше қауіпті…

Толығырақ

КӨРМЕНІ 4 МЫҢ СЫРДАРИЯЛЫҚ ТАМАШАЛАЙДЫ

КӨРМЕНІ 4 МЫҢ СЫРДАРИЯЛЫҚ  ТАМАШАЛАЙДЫ

Үстіміздегі жылдың 10 маусымынан бас­тап әлем назары Қазақстанда болады. Осы күні Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысы басталып, оны 3 ай бойы рес­публика халқы мен шетелдіктер тамашалайды. Осы орайда жергілікті жерлерде халықаралық көрмеге көпшіліктің бару-келу жұмыстарын үйлестіру жұмыстары жүргізіліп, билеттер жаппай сатылымға шыққаны белгілі. Ауданда осы жұмыстардың ұйымдастырылуына жауапты бөлім –кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі. Оның басшысы Л.Қозыбаева біздің сұрақтарымызға жауап берді. — Ләззат Исабекқызы , енді аз күнде басталатын халықаралық көрменің біздің мемлекетте өту мәртебесі қалай берілгенінен халқымыз хабардар. Жалпы аудан халқына көрмені насихаттау шаралары қалай іске асуда? — Мамандандырылған…

Толығырақ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Әне-міне дегенше соңғы қоңырау сыңғыры естілетін сәт те таяп қалды. Бүгінде мектеп бітіруші түлектер аталған салтанатты шараға қызу дайындық үстінде. Ерекше күнді естен кетпес­тей өткізуді жоспарлап жатқан оқушылар үлкен баспалдақ алдында тұрғаны белгілі. ал, ұстаздар қауымы мен ата-аналар үшін маңызы зор мерекелік шара ауданда қалай аталып өтіледі? Мерекеге орай білім ордаларында қандай іс-шаралар ұйымдастырылмақ? Жалпы, биыл аудан мектептерін қанша оқушы бітіреді? Міне, осы сұрақтарды аудандық білім бөлімінің басшысы Баян Сүюбаеваға жолдап, соңғы қоңырау салтанатты шарасының өткізілу барысы туралы сұхбаттасқан едік. – Баян Орынбекқызы, үстіміздегі жылы аудан мектептерін қанша оқушы тәмамдамақ…

Толығырақ