АНА ҚАДІРІ

АНА ҚАДІРІ

«Қызылорда–Көкшетау» пойызы. «Жүреміз, шығарып салушылар түсіңіздер» деген жолсеріктің дауысы вагон ішіне анық естілуде. Сапарлары жаңбырмен тұспа-түс келген жолаушылардың барлығы дерлік шаршаңқы. Сәлден кейін темір жол вокзалынан пойыз ептеп жылжи бастады. Қызылорда қаласынан ақшамнан кейін қозғалған пойыз таңалакеуімде Шымкент шаһарына жетті. Жамбылға дейін әлі екі сағаттай уақыт бар. Пойыз таңғы сағат 09:15-те Манкент станциясына тоқтады. Қауын, қарбыз, қызанақ, қиярларын арқалаған сатушылар әр вагонның маңайынан табылады. Саудаға дағдыланған олардың өнімі сұранысқа ие. Бірақ, небәрі 4 минут тұрақтайтын пойыз жайбарақат саудаласуға мүмкіндік бермейді. Бәрі асығыс. Осы станциядан пойызға жасы жетпіске таяған қария мінді….

Толығырақ

ЕГЕРДЕ КҮЙЕУІҢДІ СЫЙЛАМАСАҢ…

ЕГЕРДЕ КҮЙЕУІҢДІ СЫЙЛАМАСАҢ…

— Егер әйел ері туралы жаман ойласа, оны сыйламаса, одан ойша алыстайды. Еріне күш-қуат сыйламайтын болады. Ерінің жолы жабылып, бастаған ісінен береке кетеді. Ол түрлі ішімдікке әуестеніп, әйел оның сыйлауға лайық еместігіне көз жеткізе түседі. Тұйық шеңбер. Ер адам мұндай жағдайды өзгертуге қауқарсыз. — Егер әйел дер кезінде тоқтамаса, сынайтын мінез міндетті түрде табылады. Бұл нашар тәжірибе — жаман ойласаң, жаман іс істейсің, сол арқылы оны жамандайсың, құрбыларың мен анаң саған кеңесші емес, теккке қарым-қатынас күйрейді, өзің де күйзелесің. — Қарым-қатынастың бүлінуі жүйке жүйесін құртады. Әйелдің нәзік жүрегін тасқа айналдырады….

Толығырақ

ЖӘННАТТАН ЖЕР ТЕЛІМІН САТАМЫН

ЖӘННАТТАН ЖЕР ТЕЛІМІН САТАМЫН

Бірде бір әйел үйіне қайтып бара жатып, көшеден қолына шыбық алып, жер сызып отырған бір баланы көреді. Қасынан өтіп бара жатып, қызықтап: – Балақай, не істеп отырсың? – деп сұрайды. Бала да: – Жәннатты телімдеп сатып отырмын, – деп жауап береді. Баланың жауабына риза болып, езу тартқан әйел: – Маған да Жәннаттан бір жер телімін берсең қайтеді? — Қанша тұрады? – деп сұрайды әйел. – Екі мың теңге, әпке, – дейді бала. Әйел де балаға 2000 теңге ұстатып, өз жолына кете барады. Әйел үйіне келеді. Жолдағы оқиғаны баяғыда ұмытып кеткен. Сол…

Толығырақ

ДІН — ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

ДІН  — ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Қазіргі таңда қоғамымызда Ислам дінін өз деңгейінде түсіне алмай әсірешілдікке бой алдырып жүрген жас­тарды көптеп көріп жүрміз. Қазақ халқында: «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген керемет сөз бар. Алланың тура жолы шариғат белгілеп берген шеңбермен үйлесім тапқанда ғана жүйелі өмір түзіледі. Осы орайда аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Қ.Бұхарбаев, аудандық «Мұсылмандар» мешітінің бас имамы А.Асқарұлы және аудандық…

Толығырақ

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН

Аудан тарихында банк саласында еңбек еткен сала ардагерлерінің арасында Сәрсенкүл Жапбасбаеваның есімі құрметпен аталады. Байырғы банк қызметкері 30 жылдан астам уақыт абыройлы еңбек еткен жан. Бүгінде еңбектің зейнетін көріп отырған ана – отбасының берекесі. Өмір жолы өнегеге толы отбасын жас жанұяларға үлгі ету мақсатында мақаланың кейіпкері еттік. Жалпы еңбек өтілі 40 жылды құрайтын, саналы ғұмырын еңбекке арнаған Сәрсенкүл апа 1952 жылы С.Сейфуллин ауылында дүниеге келіп, сондағы 8 жылдық мектепті, ал 10-сыныпты №35 М.И.Калинин атындағы орта мектептен бітіреді. Алғашқы еңбек жолын 1969 жылы аудандағы Тұрмыстық қажетті өтеу комбинатында бастайды. Әдепкіде үйренуші,…

Толығырақ

СҰЛУ БОЛУ ҮШІН

СҰЛУ БОЛУ ҮШІН

Сұлулықты, сымбаттылықты сақтап қалу үшін мына кеңестерді пайдаланыңыз: Әжімге қарсы Әжім көп болса, жарты шай қасық ас тұзын бір стақан суда ерітіп, салқын күйінде бетті шаю керек. Сондай-ақ 50 гр иісмайға жарты шай қасық тұз қосып, бетке жағуға болады. Тазартатын лосьон Лимонды кесіп, үстіне қайнаған су құйыңыз. Бұл лосьон бетті тазартып қана қоймай, жұмсартатын да қасиеті бар. Майсана майы Аяғыңыз шаршаса, майсана майын ысқылап, жағыңыз. Содан соң мақтадан жасалған шұлық киіңіз. Таңертең аяғыңыздың терісі жұмсақ болып, ауыршаңдықтан да арыласыз.

Толығырақ

ИТ ҰЛЫҒАН ТҮН

ИТ ҰЛЫҒАН ТҮН

Сол түні жұртта қалған Ақтөс ит ұзақ ұлыды. Біздің үй жайлауда ең соңғы үй болып күзеуге көшті. Жайлаудағы үйлердің ертелі кеш көшуі шөптен оралған үй иелеріне байланысты еді. Сол жылы біздің үйдің шаппасы көктемей қысқа қажетті алатын шөпті межеден кешігіп алды. Біздің үй мен іргелес Жомарттың үйі көрші отыратын. Өздері малды, балалы үй еді. Жомарт қария ірі денелі, шоқша сақалы бар, екі беті қызара бөртіп жүретін ақ көңіл кісі болатын. Әнтек, бір аяғын сылти басып, таяқ ұстап жүретіні болмаса қарымды, анау-мынау кісіге алдыра қоймайтын тақымды шал. Қашан барсаң да үй-іші…

Толығырақ

Ерболат ҚУАТБЕК. ӘДЕБИЕТТІҢ НАПОЛЕОНЫ

Ерболат ҚУАТБЕК. ӘДЕБИЕТТІҢ НАПОЛЕОНЫ

Әдебиетке келген жас шайыр жауапкершілікпен келсе ғой. Құны артар еді өнердің. Бәрі – өңкей тірі классик. Бір мүшәйрадан бас жүлде алғаны бар. Бітті. Әдебиетті төңкеріп тастағандай кердеңдейтінін қайтерсің… Бір өлең жазып көсегесі көгерген ешкім жоқ. Ойлану керек. Аты мен заты үйлеспейді, әйтеуір. Шетінен «жұлдыз». Бірақ жанбайды. Сәулесі жоқ. «Ақындардың» көбейіп кеткені сондықтан. Жауапкершілік дедік. Ақын һәм жазушы әрбір сөзіне жауапты болу керек. Онымен қоса өлермендік деген бар. Және адалдық. Біз не? Екі-үш өлең жазып, бір жыл жүреміз түк өндірмей. Неге біз ауқымды дүние жазуға бел бумаймыз? Қазіргі буынның жасы –…

Толығырақ

«САҒЫМНАН ШӘЙІ ЖАМЫЛҒАН, ҚЫРМЫЗЫ ТОТЫ ҚҰСТАР-АЙ…»

«САҒЫМНАН ШӘЙІ ЖАМЫЛҒАН, ҚЫРМЫЗЫ ТОТЫ ҚҰСТАР-АЙ…»

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев шығармаларының тілі бүгінде жан-жақты зерттеліп келеді. Ақынның көркем сөз тудыру тәсілдері, өлең сөз құрылымына қосқан сүбелі үлесі, көркемдік шеберлігі, көріктеуіш құралдарды тудыру ерекшелігі поэзия әлеміндегі дара қолтаңбасын айқындайды. Олай болса, «Сөзтаным» айдарының бұл санында біз ақынның жырларындағы сөз қолданысының сыры мен сипатын, бейнелі теңеулерді сөз етпекпіз. Табиғат пен болмыс Біздің байқауымызша, ақынның бейнелеу шеберлігіндегі басты ерекшелігі – жансызға жан бітіріп, жандыны жансыздандыру, адамзаттың мінезін табиғат құбылыстарымен теңеу, сонымен қатар табиғатқа тіл бітіріп, адамша әрекеттендіру. Осындай бейнелеу тәсілдері арқылы ақын керемет перифраздарды дүниеге әкелген. Мәселен, тағдырды…

Толығырақ

ЗАҒИП ЖІГІТТІҢ МАХАББАТЫ

ЗАҒИП ЖІГІТТІҢ МАХАББАТЫ

Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді. Көркіне көз тоймайтын сұлу келіншек, келісті жігіт. Сырт қараған жандардың қызығуы мен қызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын. Бақыттың бал шырынына батқан жұбайлар күндерін ерек көңілді өткізетін. Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды. Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе, өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін. Сүйіктісін шығарып салып, үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді. Ол осы күндерде әлдебір тері ауруына душар болады да, жас келіншектің сырқатына ем қонбайды. Бір күні таңертең ол ояна сала айнаға қарап шошып кетті….

Толығырақ