ТЕЗ ҰЙЫҚТАУ ҮШІН…

ТЕЗ ҰЙЫҚТАУ ҮШІН…

Қалыпты адам жастыққа басы тигеннен соң 30 минут ішінде ұйықтап кету керек екен. Кей адамдар түнде ұйықтай алмай, ары-бері дөңбекшіп ұзақ жатады. Бұл да өз алдына бір дерт секілді. Ондай жағдайда не істеу қажет? Бұл қарапайым техника 4-7-8 деп аталады. Өзіңізге ыңғайлы бағытта жатыңыз. 4 секунд бойы мұрынмен демалыңыз. Деміңізді 7 секунд ұстап тұрыңыз. Ауызбен 8 секунд аралығында демалыңыз. Дәл осы жаттығуды ұйықтап кеткенше қайталаңыз. Әдістің тиімді жақтары Гарвард университетінің дәрігері Эндрю Вайль (Andrew Weil) дәрістерінің бірінде осы жаттығу туралы және тез ұйықтап кетуге арналған ең тиімді тәсілдер жөнінде айтты. Шын…

Толығырақ

БАЙЛЫҚТЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

БАЙЛЫҚТЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

Бүгінгі таңда «Байлықтың мәні неде?» деген сұраққа әркім әрқалай жауап береді. Иә, адам баласының санасы заман талабынан қалыс қалмауы тиіс. Технологиямен қатар қарыштап дамып отыруы талап етіледі. Қазіргі қоғамда байлық негізін ештеңеден қалыс қалмай ел алдында болу деп түсінеміз. Айтпақшы, бұрыннан келе жатқан қағида бар. Оны ақиқат деп те қабылдаймыз. «Бірінші байлық – денсаулық» дейміз. Дені сау адам – қоғамның ең асыл байлығы емес пе? Сол арқылы өз күніңді көріп, тіршілік қамын жасауыңа мүмкіндігің бар. Адамдар бір-біріне осындай тілектер жаудырып жатады. Байлық ұғымының антонимі – кедейлік. Олай деп кімді айтамыз?…

Толығырақ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ

Сыр өңірінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша жол жөндеу, көпір салу ісі қарқынды жүргізілуде. Облыс көлемінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 2338,8 шақырымды құрайды. Бүгінде көлік инфрақұрылымын дамытуға 8,7 млрд. теңге бөлініп, 165,9 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөндеуден өткізілуде. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді. – Биыл 4 көпір салу, 2 көпірге қайта жаңғырту және біреуіне күрделі жөндеуді жүргізу қолға алынды. Оған қоса 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар, біздің өңірден…

Толығырақ

ОБЛЫСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ БАЙҚАЛАДЫ

ОБЛЫСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ БАЙҚАЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлы мәлімдеді Қызылорда облысында 54 әлеуметтік нысанның (мектеп, балабақша, клуб, аурухана, емхана, инженерлік жүйелері т.б.) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 23 нысан 2016 жылдан өтпелі болса, 31 нысан бойынша құрылысы ағымдағы жылы басталған. Қазіргі таңда олардың 19-ы тапсырылып (14 мектеп, 2 балабақша, 1 спорт нысаны, клуб-1 және аурухананың кәріз желісінің қайта жаңғырту), ал жылдың аяғына дейін 7 нысанның (1 балабақша, полиция ғимараты, аурухана, емхана, мұрағат, әкімшілік ғимараты және темір жол тұйығы) құрылысы пайдалануға беру…

Толығырақ

БҮГІН «ХАБАР» АГЕНТТІГІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 22 ЖЫЛ ТОЛДЫ

БҮГІН «ХАБАР» АГЕНТТІГІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 22 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Бүгін «Хабар» Агенттігінің құрылғанына 22 жыл. Алғаш рет «Қазақстан телевизиясы және радиосы» құрамында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі болып құрылып, төрткүл дүниеге есігін ашқан арнаның алғашқы студиясын қазір тек мұрағаттан көруге болады. «Техникалық мүмкіндіктердің аздығы алдына биік мақсат қойған сол кездегі ұжымға кедергі болған жоқ», – деп еске алады алдыңғы буын. Мәтінді қолмен жазып, терімшіге кезекке тұрған кездер қазір ертегі сияқты. Дегенмен білікті басшылықтың бастамасымен журналистердің ВВС, СNN сияқты әлемнің алдыңғы қатарлы телеарналарында тәжірибе жинауы ақпарат дайындауды жаңа белеске көтерді. Әсіресе 1998 жылы британдық озық технологиялы квантел эфирлік студиясы арқылы…

Толығырақ

ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВ БРИТАНДЫҚ БОКСШЫДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВ БРИТАНДЫҚ БОКСШЫДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Ұлыбританияның Белфаст қаласында үлкен бокс кеші мәресіне жетті. Бұл күннің басты кездесуінде қазақстандық Жанат Жақиянов пен британдық Райан Барнетт кездесіп екі тұжырым бойынша (WBA Super және IBF) чемпиондық атақты сарапқа салды. Жеңіл салмақта (53,5 кг) сынға түскен қос боксшы жоспарланған он екі раунд бойы бокстасып, жеңімпаз төрешінің шешімі арқылы белгілі болды. Өзінің туған қаласында бокстасқан Райан Барнетт төрешілердің бірауыздан шешімімен Жанат Жақияновтан басым түсіп, WBA Super және IBF титулдарының иегері атанды. Бұл Жанаттың спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Сондай-ақ Жақиянов 27 кездесуде жеңіске жеткен. Ал Райан Барнетт болса, осы жекпе-жекті қоса…

Толығырақ

ПРЕМЬЕР-ЛИГА ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ЖЫЛДАМ ГОЛ СОҒЫЛДЫ

ПРЕМЬЕР-ЛИГА ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ЖЫЛДАМ ГОЛ СОҒЫЛДЫ

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам соғылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Ел премьер-лигасының жаңа рекорды кеше өткен «Тобыл» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы ойында тіркелді. Қостанайлық клубтың шабуылшысы Жасұлан Молдақараев қонақтар қақпасына бар болғаны 10 секундтың ішінде гол соғып үлгерді. Осыған дейін Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам гол көрсеткішін Александр Гейнрих пен Сергей Шафф еншілеріне жазып келген еді. 2015 жылы Александр «Тобыл» қақпасына, 2017 жылы Сергей «Ақтөбе» қақпасына 18-секундта гол соққан болатын Ең жылдам гол соғылған ойында «Тобыл» «Оқжетпесті» 4:1 есебімен ұтты.

Толығырақ

МЕЙІРБЕКТІҢ МЕРЕЙІ

МЕЙІРБЕКТІҢ МЕРЕЙІ

Шиеліде «Алтын күз-2017» мерекесімен бірге мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есеновтың 90 жылдық мерейтойының құрметіне орай ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысының бас жүлдесі  айтулы ақын Мейірбек Сұлтанханның  қанжығасына байланды, — деп хабарлады аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі. Киелі топырағынан талай тұлға түлеген шежірелі Шиелі дүбірлі айтыс додасын өткізді. Республикалық аламан айтыс «Тұлғасы биік Шахмардан» деген айдар алып, ғалымның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.«Жүрсіннің жүйріктері» атанып, сұлу сөзден кесте өрген ақындар айтысына Президент сыйлығының иегері, республикалық «Айқын» газетінің Директор-бас редакторы, жерлесіміз Нұртөре Жүсіп бастаған қазылар алқасы әділ баға берсе, қоғам қайраткерлері А.Жағанова,…

Толығырақ

КІТАПХАНАШЫЛАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

КІТАПХАНАШЫЛАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

       Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша «Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғыру талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мәдени шараға аудан кітапханашылары және ауыл кітапханасының  кітапханашылары қатысып, барлығы 18 адам қатысты. Қазақ елінің  ең үлкен жаңалығының бірі — Қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуі. Қазіргі таңда бұл жаңалық ел ішінде қолдау тауып, тіл саласының ғылымдарының талқылауы қызу үстінде. Осы орайда кітапхана директоры Гүлстан  Сансызбайқызы  латын  әліпбиі ол халқымызға рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс және келешекті жалғастыратын алтын көпір болып табылатындығын айтып жеткізді.      Дөңгелек үстел…

Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

Жастар – қоғамның белсенді мүшесі. Сол себепті, елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын буынның заман талабына сай білім алуы, тәрбиесі мен жетілуі мемлекеттің бас­ты назарында. Ал, қылмыс жасауға бейім жастармен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар. Оларды күнделікті бақылап, ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Қылмыс жасауға бейім жастармен жұмыс жүргізудің ауданда өзіндік үлгісі қалыптасқан. Бұл бағыттағы жұмыстар аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының құзырында. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық- бұзушылықты болдырмау бағытында сала мамандары қарқынды жұмыс жасап жатқанымен, көрсеткіш көңіл көншітерлік емес. Себеп көп,…

Толығырақ