ҚОҒАЛЫКӨЛДІК ЖАС ӘНШІ

ҚОҒАЛЫКӨЛДІК ЖАС ӘНШІ

Қоғалыкөл ауылының өнерлі де озат оқушысы Қасиет Махаш болашағынан көп үміт күттіретін жас әнші. Ауыл көлемінде ұйымдастырылатын үлкенді-кішілі мәдени іс-шараларда өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналған ол әнді тебіреніп айтады. Дауыс ырғағы нәзік және тыңдар құлаққа жағымды. Талабы таудай жастың алғаш рет үш жасында киелі сахнада ән шырқап, талғамы жоғары көрерменді тәнті қылуының сыры де осы. Жас әнші Қасиет қазіргі таңда ауылдағы №44 орта мектептің 3 сынып оқушысы. Сабақ үлгерімі өте жақсы ол өнер өлкесінде бірқатар жақсы жетістіктерді бағындырып үлгерген. Небәрі 6 жасында аудандық «Бозторғай» байқауының ән жанрында жүлделі бірінші орынды…

Толығырақ

ЕЛ ЕГЕМЕНДІГІ АЙШЫҚТАЛҒАН КҮН

ЕЛ ЕГЕМЕНДІГІ АЙШЫҚТАЛҒАН КҮН

Бұрнағы күні Тереңөзек кенті клубында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты кеште Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Гимні айтылды. Мерекелік кеш «Айтұмар би тобының» «Назқоңыр» биімен ашылды. Шара барысында Тереңөзек кенті клубы меңгерушісі Р.Байділдаев, кент ардагерлері атынан Қ.Әбдіғаппаров сөз сөйлеп, бүгінгі таңдағы жеткен жетістігімізге тоқталып, 25 жыл ішінде жасалған жасампаз істердің айшықты көрінісін тілге тиек етті. Жиналған қауымды ұлықты мерекемен құттықтап, әр отбасыға береке мен шаттық тіледі. Өз кезегінде кент тұрғыны Тәуелсіздіктің төл құрдасы Сырдария аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция лейтенанты Е.Зайдағалиұлы, осыдан…

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК — МӘҢГІЛІК МҰРАТЫМЫЗ

ТӘУЕЛСІЗДІК — МӘҢГІЛІК МҰРАТЫМЫЗ

Жақында Ақжарма ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігі 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік – мәңгілік мұратымыз» атты мерекелік концерт болды. Аталмыш шараға аудандық ауыршаруашылық бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, Ақжарма ауылдық округінің әкімі Қ.Нұрсейітов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ысқақов және ауыл тұрғындары қатысты. Мерекелік концертте лэд-экран арқылы көпшілікке Қазақстан халқының сонау жылдардағы бастан өткерген қиыншылықтар мен Тәуелсіздік жылдарындағы елеулі оқиғалары көрсетілді. Ауыл әкімі Қанат Нұрсейітов ауыл тұрғындарын ел мерейін асқақтатқан айтулы мерекемен құттықтап, шежірелі тарихымызға шолу жасады. Содан кейін аудан әкімдігінің және ауыл әкімдігінің атынан мәдениет, білім салысының мамандарына, мемлекеттік қызметшілерге, ауыл тұрғындарына…

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ КЕЗДЕСТІ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ КЕЗДЕСТІ

Жақында аудандық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ауданның әр саласында қызмет жасайтын Тәуелсіздік құрдастарымен «Бостандығым – бақытым, Егемендік – жақұтым» тақырыбында кездесу өтті. Егемен ел жастарын патриоттыққа, өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатындағы мерекелік кешке 1991 жылы туылған Тәуелсіздік құрдастары аудан әкімі орынбасарының әдіскері Эльвира Салимова, әнші, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Нұрбол Тұранов, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Динара Жалғасбекова, аудандық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Ғани Оралов, №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Аида Маратқызы қонақ болды. Сондай-ақ, кездесуге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін…

Толығырақ

ӨНЕР ҰЯЛАҒАН ШАҢЫРАҚ

ӨНЕР ҰЯЛАҒАН ШАҢЫРАҚ

Жақында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аудандық мәдениет үйінде Сәдуақасовтар халықтық отбасылық ансамблінің «Шаңырағым –шаттығым» атты шығармашылық концерті өтті. Шығармашылық кештің шымылдырығы ансамбльдің орындауында Мүлкәмен Қалауовтың «Той» күйімен ашылды. Мұнан кейін ансамбльдің мүшесі Талғат Садуақас «Шіркін-ай» әнін орындады. Күй құдіретін барынша сезіне білген Сәдуақасовтардың жалғасы Ғалымжан Садуақас көрермендер назарына « Атырау» күйін ұсынды. Халық әні «Ақбаянды», Мырзаның күйі «Мерекені» шеберлікпен орындаған ансамбль мүшелері көпшіліктің зор қошеметіне бөленді. Кішкентайынан саз әлеміне қанығып, әншілікке бет бұрған Аружан Садуақас «Әсем әнім сырнайды-ай», «Бүлдірген», «Құрбыжан» әндерін тамылжыта айтты. Халықаралық «Бозторғай», «Шаттық» фестивалінің лауреаты Қаламқас…

Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

Бесарық ауылында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Шараның алғашқы бөлімінде Бесарық ауылдық округінің мұражайы жиналғандарға таныстырылды. Аталмыш мұражайда өткен ғасырлар ауыл тұрғындары пайдаланған тұрмыстар заттар мен ауыл тіршілігінен сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Тәуелсіздік алғаннан бергі соңғы 25 жылда жасалған жасампаз істердің басым бөлігі мұражай төрінен орын алып, келуші қонақтардың назарына ұсынылды. Бесарық ауылдық мәдениет үйінде бастау алған жас ақындар мүшәйрасы екі кезеңнен тұрды. Үміткер ақындар алғашқы кезеңде егемендіктің 25 жылдығы аясында еліміздің жеткен…

Толығырақ

МЫҢ БҰРАЛҒАН БИШІЛЕР

МЫҢ БҰРАЛҒАН БИШІЛЕР

Аудандық «Әуез» мектебінің жанындағы «Тұмар» би ансамбліне жетекшілік ететін Гүлшат Өтебасованың шәкірттері мәдени көпшілік іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Өнерлі өрендер көпшілік алғысына бөленумен қатар, республикалық, облыстық, аудандық би байқауларының жеңімпазы атанып жүр. Ата-ана сенімінің үдесінен шығып, ұстаз үмітін ақтаған би үйірмесінің мүшелері жақында халықаралық XIV «Ақ көгершін» балалар шығармашылық байқауына қатысып, лауреат атанып келді. Бұл ауданның білім беру саласының жарқын жетістігі. Құрамында 60-қа жуық биші бар «Тұмар» би ансамблі 2007 жылы құрылған. Алғашында небәрі 8 үйірме мүшесімен басталған жұмыстар уақыт өте жанданып, үйірме жетекшісінің үздіксіз істеністері негізінде жарқын жетістіктермен толыға түскен….

Толығырақ

ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМІН

ӨЛЕҢ, МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМІН

Жақында кент орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде «Асыл сөз» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Өлең, мен сені аялап өтемін!» тақырыбында жыр кеші өтті. Оқушыларға патриоттық тәлім-тәрбие беріп, қара өлең құдіретін ұғындыруды басты мақсат еткен шараға білім ордасының ұстаздары мен озат оқушылары қатысты. Шараның ерекшелігі сол үйірме жетекшілері мектеп оқушыларының ұсынысы негізінде өлең өлкесінде жақсы қырынан танылып жүрген жергілікті жас ақындарды жыр кешіне құрметті қонақ ретінде шақырды. Іс-шара үйірме мүшелері Назым Нақыпбек, Дарабек Демесін, Әлішер Серік, Мариям Орынбасарова, Юлия Кочерищенко, Алмагүл Көпболсынова есімді оқушылардың қазақ халқының атақты ақындары Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова,…

Толығырақ

ЕСЕПТІ МЕРЗІМДЕ 862 МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

ЕСЕПТІ МЕРЗІМДЕ 862 МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ

Мәдени шаралар өткізуге ауданның мәдениет мекемелеріне аудандық бюджеттен 24 млн. қаржы бөлініп, 862 мәдени шара ұйымдастырылды, оған 155 мың 863 көрермен қамтылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте мәлімдеді. Сырдария ауданы бойынша барлығы 35 мәдениет ошақтары халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Аудан мәдениет мекемелері бойынша ақылы қызмет табудың жылдық жоспары 13,1 млн. теңге көлемінде бекітілді. Өткен жылы барлық мәдени ошақтар жаңарды. Аудандық бюджеттен Айдарлы мен С.Сейфуллинде мәдениет үйлері салынды. Ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесін атап өтуде сырдариялық өнерпаздар ерекше үлес қосуда. «ТТ»-ақпарат

Толығырақ

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ

ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аясында Н.Ілиясов ауылдық округі әкімдігінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Н.Ілиясов мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз елім» атты аудандық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты егеменді еліміздің қол жеткізген толымды табыстарын, жеткен жетістіктерін, шыққан биіктерін, қарышты қадамын паш ету болып табылды. Шара Ж.Шайзадаеваның «Гүлденген кеңшарым» әнімен және «Наз ару» би тобының өнер көрсетуімен басталды. Қатысушы талапкерлерге ауыл әкімі Қ.Қуандықов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Төребек Жұмабекұлы сәттілік тіледі. Байқауға тоғыз елді мекеннен 14-29 жас аралығындағы он бір талапкер қатысты. Байқау екі кезең…

Толығырақ