ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

ҚЫЗЫЛОРДА   ОБЛЫСЫ  ТҰРҒЫНДАРЫ  НАЗАРЫНА!

Қызылорда облысы­ның табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджерінде «ЭКО – ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» жобасы жұмыс жасауда. Жобаның мақсаты – заманауи технологияны пайдалана отырып, аймағымыздың санитарлық тазалық жағдайын бақылау жасау және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтарды анықтау болып табылады. «WhatsApp» мессенджерге келіп түскен ақпараттар тиісті құзырлы органдардың назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады. «ЭКО – ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» «WhatsApp» мессенджері 8-707-160-53-66 нөмірі арқылы жұмыс жасайды. Өңіріміздің санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтары туралы ақпараттар ( видео – фото түсірілімдер мен нақты мекен-жайын) мен ұсыныстарыңызды (тек «WhatsApp» хабарламалар) жоғарыда көрсетілген нөмірге…

Толығырақ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

2017 жылдың 18-24 қыркүйек күндері «Келбеті көркем, келешегі кемел — Қызылорда» қала күнін атап өтіледі. Қала күнінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ә.Қашаубаев көшесінің бойында (Жетікөл көшесімен қиылысы) қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуларымен, С.Толыбеков көшесінің бойында (Е. Әуелбеков көшесі мен М. Әуезов көшесінің аралығы) Жаңақорған және Тасбөгет кентінде (Орталық алаңында) Сырдария аудандарының қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері 2017 жылдың 23 қыркүйек күні сағат: 8:00-14:00 аралығында ұйымдастырылады. Қызылорда қаласы әкімдігі баршаңызды ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысуға шақырады.

Толығырақ

Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ 63-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ 63-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

  Құрметті өнер сүйер қауым Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 63-ші ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ ашылуына орай Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясын көрермен назарына ұсынады. Олай болса, 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де спектакльді тамашалауға келіңіздер!     Өтетін орны: Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры     Байланыс телефондары: 8(7242)27-67-34. 8(7242)27-28-93.

Толығырақ

ҮЙЛЕР САТЫЛАДЫ

ҮЙЛЕР САТЫЛАДЫ

Тереңөзек кенті Т.Қозыбаев №50 тұрғын үй сатылады. 10 сотық жері, ауыз суы бар. Байланыс телефоны: 8-705-166-89-67 *** Қызылорда қаласы Титов қыстағынан, жаңа құрылыс аумағынан 5 қабатты үйдің 3 қабатында орналасқан қыста жылы, ауыз су фильтрі қойылған, «Отау» ТВ бар. Сыртқы есігі темір, үйге телефон мен интернет қосылған. 2 бөлмелі пәтер және жағдайы өте жақсы «Нугабест» массаж кроваты сатылады. Байланыс телефоны: 8-770- 569-90-97, 8-775-851-61-57

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Геркуб» ЖШС Бухгалтерлік компаниясына жас ер азаматтар мен азаматшалар қажет. Жұмыс өтілі және диплом маңызды емес. Оқыту мекеме есебінен. Байланыс телефоны: 8-705-146-9242, 8-707-342-53-00, 8-775-708-36-75.

Толығырақ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

Ағымдағы жылдың 27.08. — 30.08.2017 ж. күндері аралығында Тереңөзек кентіндегі теміржол вокзалына «Денсаулық пойызы» жұмыс жасайтындығын хабарлаймыз. Заманауи құралдармен жабдықталған көшпелі емханада УЗИ, рентген, қан лабораториясы орнатылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі де білікті мамандары сіздерге тегін қызмет көрсетеді. Дәрігерлер бригадасының бекеттердегі жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыссыз және барлық қызмет тегін көрсетіледі.

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! 1маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай 24-31 мамыр «Дені сау бала -болашағымыздың саулығы!» ұранымен өткізілетін апталыққа байланысты Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасында төмендегі мамандар АШЫҚ ЕСІК жариялап, аурулардың алдын-алу мақсатында үгіт насихат жүргізеді. -Дені сау бала кабинеті; -Жалпы тәжірибелік дәрігер; -Балалар невропатологы; -Балалар көз дәрігері; -Балалар хирургы; -Балалар бөлімшесінің педиатрына аурулардың профилактикасы жөнінде сауал қойсаңыздар болады.

Толығырақ

ӘН КЕШІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

ӘН КЕШІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ

Құрметті Қызылордалықтар және қала қонақтары! Қадірлі өнер сүйер қауым! Сіздерді 9 Маусым күні, сағат 19.00-де Студенттер сарайында өтетін Республикалык, халықаралық конкурстарынын лауреаты, К.Р Мәдениет саласының үздігі, әнші Руслан Садыковтын «Күтемін сені» атты ән кешін тамашалауға шақырамыз. «өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын» əлеумет, Келіңіздер, жанды дауыстағы әуезді әннен қуат алып Бишілер мен әншілер, фокусник-иллюзионисттер, саксофонист т.б өнер шеберлерінің катысуымен өтетін мерекелік кештің куәсі болыңыздар. Өтетін орны: студенттер сарайы. Өтетін күні: 9 маусым. Саг: 19.00.

Толығырақ

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Сырдария ауданының жастары! 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Сырдария ауданы бойынша «ЖАСЫЛ ЕЛ» еңбек жасағының маусымдық жұмысы басталатынын хабарлаймыз! Сырдария аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз және студент жастарды 29-ші мамырға дейін тіркеу жұмыстарына қатысуға шақырады. Байланыс телефоны: 87016806133, 87026065332 Керекті құжаттар:1) Жеке куәлік (3 дана) 2) Зейнетақы қоры (3 дана) 3)Халық банкінен ашылған шот нөмері,20 сан (3 дана) 4) Скоросшиватель

Толығырақ