ҮЗДІК ШЫҒАРМА ИЕСІ

ҮЗДІК ШЫҒАРМА ИЕСІ

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы М.Кенжебекова ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Сыр Медиа» ЖШС-і ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасындағы «Туған өлке келбеті» атты байқаудың жеңімпазы атанды. Мейрамкүлдің шығармасын үздік деп бағалаған қазылар алқасынан облыстық «Қызылординские вести» газетінің бас редакторы Т.Қасымов осы аптада ауданда болып, арнайы сыйлықты тапсырды.  Мектеп-лицей кітапханасының оқу залына жиналған жоғары сынып оқушыларына басылымның бас редакторы Мейрамкүлдің шығармасына лайықты баға берілгенін айтты. Осы мектеп ұстаздарына, түлектері жайлы жылы лебізін білдірді. -Ауданда қарашаңырақ саналатын мектепте есімдері белгілі Ш.Сақтапова, Н.Денисова, К.Денисов сияқты журналистер мен көптеген лауазымды тұлғалар білім…

Толығырақ

БІЛІМ БӘСЕКЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

БІЛІМ БӘСЕКЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасының үшінші кезеңіне аудан мектептерінен 19 оқушы қатысты. Білім бәсекесінде оқушылар өз  білімдерінің жоғары деңгейде екендігін аңғартты.  Облыс көлемінен келген қатысушылармен қатар біздің білімпаздарымыз аталған пәндер бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде №36 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Мария Лаврова орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлделі І орынды және Мейрамкүл Кенжебекова жүлделі ІІІ орынды иемденді.  География  пәнінен 11 сынып оқушысы Ерболат Ғафуров ІІ орынды, биология пәні бойынша Димаш Рүстемов жүлделі ІІІ орынды, 10 сынып оқушысы орыс тілі пәнінен Сандуғаш Үсенова ІІІ…

Толығырақ

ТҮЛЕКТЕРГЕ ТЕҢДЕССІЗ МҮМКІНДІК

ТҮЛЕКТЕРГЕ ТЕҢДЕССІЗ МҮМКІНДІК

Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагерін аралап, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып жатқан мектеп оқушылармен кездесті. Кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Баян Сүюбаева лагерь жұмысын жандандыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндап, үстіміздегі жылы түлектерге теңдессіз мүмкіндік жасалып отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, оқушылардың дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, ол үшін арнайы мамандар жүйелі жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Бұған дейін аудан әкімдігінің қолдауының негізінде жергілікті бюджет есебінен «Жалын» тынығу лагеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген…

Толығырақ

ЖАС ЖЕҢІМПАЗДАР СЫНЫБЫ

ЖАС ЖЕҢІМПАЗДАР СЫНЫБЫ

Аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі білім саласында алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Мұнда оқушыларға сапалы білім мен тәрбие берумен қатар, шәкірттерді ғылыми ізденіске, шығармашылыққа шыңдау жақсы жолға қойылған. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын білім алуға баулып, үш тілділікке, өнерге үйретуде мектеп-лицей ұстаздары нәтижелі еңбек етуде. Атап айтқанда, Елена Анатольевна Мясцова жетекшілік ететін 1 «а» сынып оқушылары жаңа оқу жылын жемісті бастап кетті. Олардың арасында Арман Бакишев 2016-2017 оқу жылында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың ХІ Республикалық «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінде І алып, дипломмен марапатталды. Осы сыныптың оқушысы…

Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТЕАТР — БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТЕАТР — БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

Тереңөзек кентіндегі №2 «Балдәурен» балабақшасында «Мектепке дейінгі театр — балалар шығармашылығының дамуы» тақырыбында аймақтық әдістемелік семинар өтті.  Оған аудандағы 11 балабақшаның меңгерушілері, тәрбиешілері және әдіскерлері қатысты. Семинарды кент әкімінің бас маманы Ж.Жансейітова сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, №1 «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі Қ.Оспанова мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын шыңдауда театрлық іс-әрекеттің берері мол екенін айтып, оны дұрыс ұйымдастыра білу қажеттілігін жеткізді. Осыған орай, семинарда тәрбиешілер А.Қасымова ортаңғы «Қарлығаш» тобында «Жабайы қаздар», А.Арыстанова ІІ кіші «Ботақан» тобында «Қоян мен түлкі» ертегісін сахналады. Ал тәрбиеші С.Андабаева «Үш аю» ертегісін бүлдіршіндермен…

Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын» әзірлеген болатын. Осы бағдарлама негізінде аудандық білім бөліміне қарасты 17 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, жұмыстар жүргізіп келеді. Жақында №35 И.Тоқтыбаев атындағы  мектеп-лицейде аталмыш клубқа салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. Қабылдау рәсіміне аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, аудандық ҚР мемлекеттік істер агенттінің сыбайлас жемқорлыққа арсы күрес департаментінің Сырдария аудандық филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен…

Толығырақ

ЖАС САРБАЗДАР САЙЫСТЫ

ЖАС САРБАЗДАР САЙЫСТЫ

Егемендік – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, өткенге деген тағзым мен болашаққа деген сенім үмітінің нышанына айналды. Бұған 25 жыл болды. Ширек ғасырлық тарихы бар тұғырлы Тәуелсіздігімізді мәңгі ету барша қазақстандықтардың міндеті. Ол үшін еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрмет сезімі әр азаматтың бойында қалыптасуы тиіс. Осы мақсатта жақында №131 орта мектептің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірме мүшелері және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы лейтенант Ж.Кеукеновтің ұйымдастырылуымен ауданаралық әскери-спорттық сайыс өткізілді. Оған №210, 36, 135, 126, 137, 131 және…

Толығырақ

ҰБТ – ЖАҢА ФОРМАТТА

ҰБТ – ЖАҢА ФОРМАТТА

Аудан бойынша 2017 жылы орта мектепті 324 оқушы бітіргелі отыр. Қазіргі таңда аудандық білім бөлімінде, барлық мектептерде қорытынды емтиханға және ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ге дайындық жоспары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, іс-шара жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді: — Барлық мектептерде оқушылар қабілеті, бейіні бойынша топтарға топтастырылды; — Ай сайын ата-аналармен сынып жиналыстары, апта сайын сынама тестілеу жұмыстары ұйымдастырылады; — «Алтын белгіге» үміткерлердің білімін бақылау мақсатында математика пәнінен бақылау жұмыстары, қазақ тілі пәнінен эссе жаздырту тұрақты түрде ұйымдастырылуда; — Аудандық білім бөлімінің басшысы барлық мектептерді аралап, қорытынды аттестаттаудың және ҰБТ-ның…

Толығырақ

ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ТӨРЕСІ — МАТЕМАТИКА

ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ТӨРЕСІ — МАТЕМАТИКА

«Математика – ғылымдардың жарық жұлдызы, Даңғазаны қажет етпейтін — саясат пен идеологияға қатысы жоқ мәңгі де ұлы ғылым». Бұл атақты математик А.Жұмаділдаевтың сөзі. Шын мәнінде математиканы меңгеруді өмірдің өзі үйретеді десек, оның негізі мектепте қаланады. Жақында №35 мектеп – лицейде «Математиканы оқытуда нәтижеге бағыттау құзіреттілігін жүзеге асыру» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінде математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер қатысып, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды сапалы оқытудың жолдарын қарастыру, тәжірибе алмасуды мақсат етті. Жалпы ауданның білім беру мекемелерінде 83 математика пәні мұғалімдері…

Толығырақ

ШЫҒАРМАШЫЛ ТӘРБИЕШІ, БІЛІМДІ БҮЛДІРШІН

ШЫҒАРМАШЫЛ ТӘРБИЕШІ,  БІЛІМДІ БҮЛДІРШІН

Жақында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шіркейлі ауылдық округіндегі №15 «Нұр бақыт» балабақшасының ұйымдастыруымен «Вариативтік компонент» тілдердің үштұғырлығын дамыту әдістемелік семинары өтті. Аудандық семинар жұмысына облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мусаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева, қала орталығындағы «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі С.Қасенова, аудан көлеміндегі балабақшалардың меңгерушілері, психологтары, әдіскерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Әдістемелік семинар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шығармашылық көрме жұмысымен танысудан басталды. Көрмеге екінші аймақ, яғни, Нағи Ілиясов, Шаған, Ақжарма, Шіркейлі елді мекендеріндегі балабақшалар мен шағын орталықтардың туындылары қойылды. Құрметті меймандар тәрбиеші жетекшілігімен бүлдіршіндер…

Толығырақ