ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

gOROD

2017 жылдың 18-24 қыркүйек күндері «Келбеті көркем, келешегі кемел — Қызылорда» қала күнін атап өтіледі.
Қала күнінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ә.Қашаубаев көшесінің бойында (Жетікөл көшесімен қиылысы) қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуларымен, С.Толыбеков көшесінің бойында (Е. Әуелбеков көшесі мен М. Әуезов көшесінің аралығы) Жаңақорған және Тасбөгет кентінде (Орталық алаңында) Сырдария аудандарының қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері 2017 жылдың 23 қыркүйек күні сағат: 8:00-14:00 аралығында ұйымдастырылады.
Қызылорда қаласы әкімдігі баршаңызды ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысуға шақырады.

Көрудің саны: 61  

Жаңалықтар

Пікір қалдыру