ҰСТАЗДАР ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

ҰСТАЗДАР ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Бүгін ауданға қарасты  №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында педагогикалық ұжыммен «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұ.Қалхоразова латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуге байланысты жобаны кеңінен талқылап, қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты өзекті мәселелерді ашып айтты.  Қатысушылар жаңа жаһандану заманы жағдайында мемлекеттік тілдің әліпбиін өзгерту қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруының шешуші құралы, әрі нақты тарихи қажеттілік болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар болашақ үшін жасалып жатқан маңызды қадамды ұстаздар қолдайтындықтарын жеткізді.  

Толығырақ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Сырдария ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан орталығындағы Тереңөзек кенті мəдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудандағы жұмыссыздық көрсеткішін азайту мен жергілікті азаматтардың жұмысқа орналасуына жол ашуды басты мақсат еткен игі шараны аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары өткізді. Бос жұмыс орындары жəрмеңкесінің ашық, әділ өтуіне бақылау жүргізу мақсатында шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал өкілдері, аудандық мәслихат депуттары, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жәрмеңке қорытындысында аудан көлеміндегі мекемелер мен кәсіпорындардан келіп түскен сұраныс негізінде 55 азаматқа жолдамалар берілді.

Толығырақ

ТЕЛЕФОН ҚУАТТАҒЫШЫ САЛДАРЫНАН 1 ЖАРЫМ ЖАСТАҒЫ СӘБИДІҢ АУЗЫ КҮЙІП ҚАЛДЫ

ТЕЛЕФОН ҚУАТТАҒЫШЫ САЛДАРЫНАН 1 ЖАРЫМ ЖАСТАҒЫ СӘБИДІҢ АУЗЫ КҮЙІП ҚАЛДЫ

АҚШ-та Кортни Дэвис есімді әйел бір жарым жастағы қызының смартфон қуаттағышынан күйіп қалғанын айтты. Айтуынша, қызы телефон қуаттағышын аузына салып ұйықтап қалған. Қуаттағыш тоққа  қосылып тұрған. Соның салдарынан бірнеше секунд ішінде қыз баланың аузы күйіп қалды. «Қызым  телефон қуаттағышын аузына салып алған. Мен оны үнемі қадағалап жүретінмін. Дәл сол күні жұмысым көбейіп қарай алмай қалдым», – дейді анасы. Бұл жайлы өзге ата-аналарыға сабақ болуы үшін айтуда. Ол желідегі жазбасының соңында баласының аман қалғаны үшін құдайға шүкіршілік айтты.

Толығырақ

ӘР ЕЛДЕГІ FACEBOOK ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ ЖЕЛІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

ӘР ЕЛДЕГІ FACEBOOK ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ ЖЕЛІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

Желі қолданушылары хат алу мен жіберуде кедергілер болып жатқанын айтты. Қолданушылардың кейбірі аккаунтына кіре алмай жатқан көіренді. Тіпті кейбірінің парақшасы мүлде ашылмай қалған. Бұл жағдай Твиттер мен Инстаграмда да байқалуда. Outrage Report мәліметіне сәйкес, Facebook желісінің ақаулары АҚШ, Ұлыбритания, Португалия, Испания, Франция, Германи, Бельгия мен Нидерланды, Италия, Израиль, Үндістан, Таиланд пен Вьетнам елдерінде байқалуда. «Сіз жіберген материалдар қазіргі уақытта көрсетілмеуі мүмкін. Мүмкін сіз сілтемені дұрыс баспаған боларсыз. Әлде сіз кірген парақшаның қолдануға рұқсаты болмауы мүмкін. 47% желі қолданушысы желінің мүлде қолжетімсіз екенін айтса, 43%-ы акаунтқа кіре алмағандарын, 10%-ы мобильді нұсқадағы…

Толығырақ

БАЛАҢЫЗҒА ҮЙРЕТІҢІЗ…

БАЛАҢЫЗҒА ҮЙРЕТІҢІЗ…

Балаларыңызға бақытты болу үшін дүниенің де, өзге адамның да, белгілі бір орынның да керегі жоқ екенін үйретіңіз. Бақыт – әр адамның өз жүрегінде. Балаларыңызға өмірде жеңіліс деген ұғымның жоқ екенін үйретіңіз. Әрбір іс-әрекеттің берері бар. Әр қателік – сынақ. Бұл – өмірлік жеңіс. Балаларыңызға өзге адамдарды тап пен топқа бөлмеуді үйретіңіз. Ақ, қара, қоңыр түсті адам дегеннің болмайтынын, жақсы және аман адамның болмайтынын түсіндіріңіз. Адам тапқа бөлінбейді. Жақсы немесе жаман болатын әрекет қана. Балаларыңызға қалағаныңа еңбекпен жету керектігін үйретіңіз. Мақсаттары биік болсын. Үлкен нәрсені армандау керектігін ұғындырыңыз. Балаларыңызға өзгелердің сөздері…

Толығырақ