ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

1. Адам көрген түстерінің 90 пайызын ұмытып қалады. 2. Күзбен салыстырғанда, көктемде тыныс алу жиілігі үштен бір есе жиірек. 3. Адам тәніндегі жылудың 80 пайызы бастан шығады. 4. 4 жасар бала күніне орта есеппен 450 сұрақ қояды. 5. Дене салмағының 1 пайызына тең су жоғалтқанда, адамда шөлдеу сезімі пайда болады. Бұл көрсеткіш 5 пайыздан асса, талып қалуы, ал 10 пайыздан асса, өліп қалуы мүмкін. 6. Сіз қызарған кезде асқазаныңыз да қызарады. 7. Адам — шалқасынан жатып ұйықтайтын жалғыз тіршілік иесі. 8. Сүйісу кезінде бір адамнан екінші адамға 278 бактерия беріледі….

Толығырақ

ТАБАҚ ТАРТА БІЛЕМІЗ БЕ?

ТАБАҚ ТАРТА БІЛЕМІЗ БЕ?

Қонақжайлығымен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдыңа əкеліп ас қойдым, екі қолыңды бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ тарту да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке…

Толығырақ

ӘЙЕЛІҢІЗДІ БАҚЫТТЫ ЕТУ ҮШІН 35 КЕҢЕС

ӘЙЕЛІҢІЗДІ БАҚЫТТЫ ЕТУ ҮШІН 35 КЕҢЕС

Отбасы, неке – исламдағы ең үлкен құндылықтардың бірі. Оны берік ұстап тұру тек әйелге ғана емес, ер адамға да байланысты. Сондықтан әйеліңізді бақытты ететін қарапайым шариғат қағидаларымен бөлісуді жөн көріп отырмыз: 1. Ашушаң болмаңыз, әйеліңіз сіздің жаныңызда өзін қауіпсіз сезінсін. 2. Үйге келгеніңізде әйеліңізге «Ассалямуалейкум» деп амандасыңыз. Ондай үйге шайтан жоламайды. 3. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әйелді аялап ұстауды қажет ететін хрусталь ыдысқа теңеген. Әйел табиғаты өте нәзік. Онымен қарым-қатынаста өзіңізді барынша қадағалаңыз. 4. Әйеліңізге кеңесті оңашада әрі өте жұмсақ айтыңыз. Оның кемшіліктерін жұрт алдында ауызға алудан абай болыңыз. 5. Жомарт болыңыз,…

Толығырақ

101 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ОН ЖЕТІНШІ СӘБИІН ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

101 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ОН ЖЕТІНШІ СӘБИІН ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

Италиялық 101 жастағы әже дүниеге сәби әкеліп, әлемдегі ең қарт ана атанды. Бұған дейін бұл «лауазымды» 92 жасында босанған Африка тұрғыны иеленіп келген еді. Бұл туралы “Новые известия” басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды. Жасы ұлғайған сайын, әйел адамның бала туу қабілеті төмендейді. Алайда ғылым дамыған мына заманда бәрі мүмкін секілді. Оған бүгінгі кейіпкеріміз дәлел. 101 жастағы кейуана салмағы 4 келі болатын сәбиін босанды. Ол он жетінші баласын дүниеге әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің сүт безі алмастырылған соң, оның жүктілігі анықталған. Баланы алдырып тастауға кейуананың дәті бармаса керек-ті. Анатолия Вертаделла он жетінші сәбиі –…

Толығырақ

НҰРСҰЛТАН АСТАНАҒА АТТАНДЫ

НҰРСҰЛТАН АСТАНАҒА АТТАНДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облысымызға сапары барысында Нұрсұлтан Жақсыкелдиев атты 2-ші сынып оқушысы Елбасына Астананы көргісі келетінін айтқан болатын. Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Президентке арманын айтқан бүлдіршінді қабылдады. – Біз бүгін ерекше кездесудің куәсі болып отырмыз. Өйткені, Елбасының Сыр өңіріне сапары барысында Арал қаласындағы №260 мектепте 2-ші сыныпта оқитын Нұрсұлтан деген баламыз Президентке Елорданы көргісі келетінін жеткізді. Бүгінде теңіздің тіршілігі қайта жанданды. Балық экспорты жолға қойылды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Мұның барлығы Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың нәтижесі. Енді, міне, Президентке арманын айтқан, «Астананы көргім келеді» деген…

Толығырақ

СӘРСЕНБІ КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

СӘРСЕНБІ КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

«Қазгидромет» РМК қазанның 11-не арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің батысында ғана түнде және күндіз кейбір аймақтарда жаңбыр жаууы ықтимал. Республика бойынша елдің бірқатар аймақтарында жел күшейіп, оңтүстікте ол шаңды дауылға ұласады. Солтүстік пен шығыста таң ата тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында жел секундына 20-25 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды облысының бірқатар аймақтарында күндіз жел 15-20 метр секундқа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және күндіз тұман түседі деп күтілуде.

Толығырақ

СЕН ОНЫ СИПАСАҢ, ОЛ ПЫРЫЛДАЙДЫ: ЖАПОНДАР МЫСЫҚТЫ АЛМАСТЫРАТЫН ЖАСТЫҚ ОЙЛАП ШЫҒАРДЫ

СЕН ОНЫ СИПАСАҢ, ОЛ ПЫРЫЛДАЙДЫ: ЖАПОНДАР МЫСЫҚТЫ АЛМАСТЫРАТЫН ЖАСТЫҚ ОЙЛАП ШЫҒАРДЫ

Күздің салқын кешінде жылы үйде қасыңа мысық жатып, оны сипап, пырылдағанын естудің өзі үй ішінде жанға жайлы атмосфера қалыптастырады. Бірақ, оны үнемі тамақтандыру, тазалығына күттімен қарауға келгенде ерініп қалатынымыз рас. Өнертабыстың шыңына шыққан жапондар сипаған кезде құйрығы қозғалатын робот-жастықшалар ойлап шығарған. Бұл туралы Oddity Central жазады. Qoobo – Yukai Engineering Co компаниясы құрастырған жастық. Оны сипаласаңыз болды құйрығын бұлғаңдатады. Егер кімде кімнің аллергиясы болса, не болмаса мысық ұстау мүмкін болмаған жағдайда осы жастықты сатып алса тамаша болмақ. Бірер жыл бұрын компания дизайнері жаңа пәтерінде үй жануарын асырау мүмкін болмағандықтан мысығын…

Толығырақ

АҚШАҢЫЗДАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛМАС ҮШІН НЕЛІКТЕН СМАРТФОНЫҢЫЗҒА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАУ КЕРЕК

АҚШАҢЫЗДАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛМАС ҮШІН НЕЛІКТЕН СМАРТФОНЫҢЫЗҒА НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАУ КЕРЕК

Назарларыңызға телефонды өзге адамдар қалай бұзып кіруі мүмкін екенін, екіншіден оның бұзылғанын қалай анықтауды және одан қорғанудың жолдарын ұсынамыз. Ең жеңіл әдісі – телефонды бірнеше минутқа алып, оған Spy Phone App, Spyzie, Theonespy, Spyera қосымшаларын орнатып тастау. Кафе және әуежайдағы қорғалмаған Wi-Fi желісі арқылы да оңай. Ол арқылы сіз өзіңіздің шифрланбаған трафигіңізді қолданысқа беріп қоясыз. Телефонды қосу кезінде USB-порт арқылы да ақпараттарды беріп қоюға болады. SMS-фишинг — сізге сілтемемен хабарлама жіберіледі. Ол сіздің банкіңіздің есебі, ақшалай төлем немесе сіздің суретіңіз болуы мүмкін. Файлды жүктеу арқылы, қаражатыңызды хакерлерге ұсынып қою қауіпі…

Толығырақ

ТАРАЗДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТАРАЗДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны 21 жастағы Айдана Төлетаева Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 2017 жылдың 22 қыркүйегі күні өмірге үшем әкелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығына сілтеме жасап. Кішкентай қыздардың есімдері – Раяна, Саяна, Даяна. Жүктіліктің 33 аптасында операциялық жолмен туған үш баланың салмақтары – 1,700, 1,600, 1,790 келі. Үшемнің әкесі Кирбасов Дулат жұмыссыз. Бұл олардың алғашқы қуанышы. Жүктіліктің 12-ші аптасында Айдана Төлетаева тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға тіркеліп, үнемі дәрігерлердің бақылуында болған, соның арқасында ешқандай асқынусыз дүниеге дені сау сәбилер келді. Қазіргі…

Толығырақ

БІР ЖАСЫНАН БЕРІ САЛМАҚ ҚОСПАҒАН СӘБИ ЖҰРТТЫ ШОШЫТТЫ

БІР ЖАСЫНАН БЕРІ САЛМАҚ ҚОСПАҒАН СӘБИ ЖҰРТТЫ ШОШЫТТЫ

Баласы бір жасынан бастап салмақ қосуды қойған келіншек сәбиі үшін қатты алаңдап жүргенін жеткізді. Ресейлік және қазақстандық дәрігерлер Наильге диагноз қоя алмаған екен. Ал емшілер оларды біреудің дуалап тастағанын айтқан. Бұл туралы КТК арнасының “Диагноз” бағдарламасында айтылды. Наиль Алдаберген 2,5 жаста болғанына қарамастан, салмағы 4 кг 200 граммды құрайды. Яғни ол өзінің құрдастарынан екі есе кіші. Анасы Фариза Рахимова жүктіліктің алғашқы үш айы ойдағыдай өткенін айтады. Кейін дәрігерлер сәбидің кіндікке оралып қалғанын жеткізген. Ең өкініштісі, қазақстандық және ресейлік дәрігерлер сәбидің не себепті физиологиялық тұрғыдан жетілмей отырғанын түсіне алмайды. “Дәрігерлер ешнәрсені уайымдамауға кеңес…

Толығырақ