ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЕЛБАСЫНА ЛАТЫН ҚАРПІНДЕГІ ӘЛІПБИДІҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдады. Отырыс барысында Мемлекет басшысына латын әріптері түріндегі қазақ әліпбиінің қоғамдық талқылау кезіндегі ұсыныстарды ескере отырып әзірленген бірыңғай стандартты жобасы таныстырылды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілдің реформасы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі екенін атап өтті. «Осы күндері қазақ тілінің жаңа алфавитіне қатысты сауал көптің талқысына түсіп жатыр. Көптеген адамдар осы жұмысқа араласты. Латын әліпбиіне көшу туралы идея сонау тәуелсіздік алған жылдары туған еді. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы жұмыс менің ерекше бақылауымда болатын», —…

Толығырақ

ДҮЙСЕНОВА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ АЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ АТАМБАЕВТЫҢ СӨЗІНЕ ЖАУАП БЕРДІ

ДҮЙСЕНОВА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ АЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ АТАМБАЕВТЫҢ СӨЗІНЕ ЖАУАП БЕРДІ

Өткен апта Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Қазақстан ЖІӨ-нің Қырғыз Республикасынікінен 20 есе көп болғанына қарамастан зейнетақы көлемі тек 1,5 есе ғана жоғары екенін айтқан еді.  Осыған орай бүгін Мәжілістегі үкіметтік сағатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеме жасады. «Қазақстан мен Қырғызстан қашанда бірін бірі материалдық деңгейі қандай болса солай қабылдап, біріне бірі қолдау көрсетіп келді. Әлеуметтік төлем көлемі мен оның деңгейі мемлекеттің ішкі мәселесі. Біз ешқашан да өзге елдің әлеуметтік төлемдерінің көлемі туралы мәселе көтермейміз. Қазақстанның әлеуметтік төлемге бөлінетін қаражат көлемі ЖІӨ-нің 4,2 пайызын құрайды… Біз Қырғызстанның…

Толығырақ

ҚАЙ БАНК ҚАНША ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРЕДІ?

ҚАЙ БАНК ҚАНША ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ БЕРЕДІ?

Жыл басында Қазақстанда ашылған «Нұрлы жер» бағдарламасы ипотекалық нарықтың қайта жандануына әсер еткен бірден-бір фактор.  Оған қоса биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25 пайыз деңгейіне дейін түсіріп, бұл өз кезегінде екінші деңгейлі банктердің несие мен депозит пайызының азаюына түрткі болды. Нәтижесінде, биыл жыл басынан бергі жеті айда елдегі ипотекалық нарық 201 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 62 пайызға өсті. Бұл өсімге сонымен қатар құрылыс компаниясынан мемлекеттік бағдарлама бойынша субсиидиямен 10 пайыздық ипотека рәсімдеу мүмкіндігі де әсер етіп отыр. Мамыр айының басынан бері Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы жалпы құны…

Толығырақ