БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ  ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы «Аманкелді» бастауыш партия ұйымының мүшелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» бағдарламалық мақаласын талқылады. Жиынға аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі ИсаӘбдіхалықов, ауылдық Қоғамдық кеңестің төрағасы,  ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мырзағали Кенбаев, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат» деп атап өтті жиынға төрағалық еткен аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Иса Әбдіхалықов. Мақаланың басым бағыттары мен…

Толығырақ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ– ТӨЛ СПОРТЫМЫЗ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ– ТӨЛ СПОРТЫМЫЗ

ҚР Тілдер мере­ке­­­сіне орай «№11 Сырдария аудандық олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруыман ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан ауданның ашық біріншілігі өткізілді. Төл спортымыз-тоғызқұмалақтан төрткүл дүниеге танылдық. Шынында да солай. Мұны айтқан Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов. Республикалық аға газет «Егемен Қазақстанның» 2017 жылғы 25 қыркүйектегі №183 санында «Тоғызқұмалақ – қазақтың өркениетке қосқан жарқын үлесі» тақырыбында федерация президентімен кең көлемде сұқбат жарияланды. Осы сұқбатта Ә.Бәйменов: –Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Әр деңгейдегі жарыстарымызға ортақ,…

Толығырақ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР УАҚЫТ ТАЛҒАМАЙДЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР УАҚЫТ ТАЛҒАМАЙДЫ

Жақында Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық «Достық» үйінде «Қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, Сырдария ауданының прокуроры А.Тәженов, аудандық прокуратураның прокуроры С.Темірханов, Сырдария АІІБ-нің бастығы Е.Сағидуллаұлы, аудандық ішкі сая­сат бөлімінің бас маманы Ерлан Әбілдаев, қорғаушы Қ.Жаппасбаева, Сырдария АІІБ-нің ЖПҚ-ның бастығының орынбасары Н.Қасымханов, Сырдария аудандық пробация қызметінің аға инспекторы А.Сақыбеков, БАҚ өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстелді» Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдрахман Абдулла ашып, дөңгелек үстелдің өткізілу мақсатына тоқталып, қылмыстық іс жүргізуді одан әрі ізгілендіру, келісімдік іс жүргізуді кеңінен қолдану, жеделдетілген іс…

Толығырақ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТЫМ БАР

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТЫМ БАР

«1 қазан – халықаралық қарттар күніне» орай Аманкелді ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен және ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Қазыналы қартым бар» тақырыбында ардагерлер арасында мекемеаралық байқау өтті. Халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын, ардақты ардагерлердің өнегелі істерін, ақсақал аталар мен әз-әжелеріміздің өнерін жас ұрпаққа насихаттауды басты мақсат еткен байқау екі кезең бойынша өрбіді. Алғашқы кезеңде қатысушылар халық әнін орындаса, екінші кезеңде көпшілікке бата берді. Жастар үшін тағылымы мол іс-шараға 6 үміткер ардагер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде Би­сенкүл Иман 1-орынды жеңіп алды. Сапаркүл Есмағанбетова 2-орын иеленсе, Шайзада Қайырова жүлделі 3-орынды еншіледі. Жеңімпаздарға…

Толығырақ

АУЫЛЫҢДА ҚАРТЫҢ БОЛСА…

АУЫЛЫҢДА ҚАРТЫҢ БОЛСА…

1 қазан – қарттар күні мерекесі ерекше аталып өтті. Ауылдық мәдениет үйінде болған салтанатты шара шымылдығы ауыл қарты Дөненбай Қалыбайұлының сөзіне жазылған жергілікті сазгер Жанат Шайзадаеваның «Нағи батыр қаласы» әнін «Ақ әжелер» ансамбілінің орындауымен ашылды. Айтулы мерекеге орай ауылдың 100, 95, 85,80 мерейлі жасқа толған ардагерлері марапатталып, сый-сияпаттар жасалды. Бұл құрметті оларға ауыл тұрғындары атынан ауыл әкімі С.Нұрмағамбетов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Жұмабекұлы көрсетті. Салтанатты жиында 101 жасқа толған Балшай Махамбетова әжеміздің есімі бірінші аталды. Ізгі шараға денсаулығына байланысты әжейдің өзі келе алмағандықтан, сый-сияпат оның шөбересіне табыс етілді. Бұл…

Толығырақ

КӨНЕ ҚҰЖАТТАР МҰРАҒАТТА САҚТАУЛЫ

КӨНЕ ҚҰЖАТТАР МҰРАҒАТТА САҚТАУЛЫ

Жақында Сырдария аудандық архивінде «Қазақ әліпбиін латын жазуына көшіруді қолдау» тақырыбында жиын болып өтті. Жиынға Сырдария ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ә.Оспанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Утебаев, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Ордабеков, аудандық соттың жетекші маманы М.Асан, кірістер басқармасының архивисті А.Досығұлова және әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының архивисті Ә.Уәлиханов қатысты. Жиынды аудандық архив басшысы Р.Бексейітова ашып жүргізді. Жиналыс барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев «Латын жазуына көшу уақыт талабы», аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас…

Толығырақ

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

ЖАҢА ЗАМАННЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

Болашақтағы рухани өркендеудің бағытын айқындаған бағдарламалық мақала шындығында, рухани жаңғырудың жаһандық дәуірдегі маңызын ашып берді. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы сөз қозғағанда Елбасының «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деп бағдарламалық мақаланың маңызын ашып берген болатын. Секунд сайын қарыштап дамып…

Толығырақ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы жұмыс сапары кезінде Қазақстан мен Ресей арасында қабылданған «Байқоңыр» кешеніндегі одан әрі ынтымақтастық тұжырымдамасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ «Бәйтерек» бірлескен жобасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. – Ресеймен жасалған уағдаластықтар аясында кешенді дамытудың стратегиялық бағыттары айқындалды. Арнайы құрылған үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз тиісті жұмысты үйлестіруде. Нақты шаралар қабылданып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда Қазақстан Президенті өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Байқоңыр қаласын дамыту перспективалары мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған іс-шаралар жөнінде баяндалды. – Қаланың болашағы зор. Қажетті инфрақұрылым дамып келеді….

Толығырақ

ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда қаласына келді. Мемлекет басшысының жұмыс сапары барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағын дамыту жобаларымен танысуы, «Қорқыт ата» мемориалды кешенін, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндірістік кәсіпорындарды аралап көруі жоспарланған.

Толығырақ

МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ

МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ

Жақында аудандық «Достық» үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Нұр Отан» партия­­сы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудан қарттарына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімі, «Нұр Отан» партия­­сы аудандық фи­лиалы­ның төрағасы Ғ.Қазан­таев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ҰОС және еңбек ардагерлері қатысты. Шараны аудан әкімі Ғ.Қазантаев ашып, арда­герлерді мерекемен құттық­тады. – 1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Халықаралық Қарт адамдар күні атап өтіледі. Сондықтан осындай мерейлі мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Ауданымызда аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көп жұмыстар атқарылып, Сіздердің экономикалық, қоғамдық,…

Толығырақ