ТӨРГЕ ОЗҒАН АРДАГЕРЛЕР

ТӨРГЕ ОЗҒАН АРДАГЕРЛЕР

Талай жылғы ауыртпалыққа төзіп, аянбай еңбек еткен ардагерлерге әрқашан құрмет көрсету парыз. Мамандықтардың барлығы өз дегейінде қиындығымен ерекшеленеді. Соның ішінде ұстаздық қызмет үлкен мәртебеге ие. Осы ретте 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік шара болып өтті. Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы А.Есназар, сала мамандары мен ардагерлер қатысты. Мерекелік кешті аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева ашып, ардагерлерді атаулы мерекемен құттықтады. Білім саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерді тілге тиек етті. Аудан бойынша білім саласындағы…

Толығырақ

МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ

МЕНІҢ  ҰСТАЗЫМ

Ұстаз бейнесі-шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі. Ұстаз-өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған жан. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан десеңізші. Сол ұстаздың бірі біздің бала жүрегімізде нық орын алған математика пәні мұғалімі, әрі кішкентайымыздан біздің барлық қиқарлығымыз бен еркелігімізді көтерген Асқарова Жайна Кенжебекқызы. Біз әр жыл сайын санамыз өсіп, азамат болуға ұмтыламыз. Бала қиял кей кезде қол жетпес арманға қанат сермейді. Сол кезде біздің болашақ өмірге нық қадам басып,…

Толығырақ

ҚҰТ ҚАМБАНЫ ҚЫЗЫЛҒА ТОЛТЫРУДА

ҚҰТ ҚАМБАНЫ  ҚЫЗЫЛҒА ТОЛТЫРУДА

Несібесін жерден айырып, ала жаздай маңдай тер төккен шіркейлілік еңбеккерлер табыс­ты таразылайтын шақта қызу жұмысты жандандыруда. Олар күн қарасып тұрғанда астықты ысырапсыз жинап алып, құт қамбаны қызылға толтырудың қамымен қарбалас тірлік кешіп жүр. «Егін ырыс таңдамайды, еңбек таңдайды» деген қағиданы ұстанған еңбекшіл қауым таңның атысы кештің батысы «жерді баптай білдік, енді егінді қаптай білейік» деп жанталаса жұмыс жасауда. Еңбек Қызыл Ту» орденді Шіркейлі ауылында аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі – «Мәді-Қажы» ЖШС біраз жылдан бері ата кәсіппен айналысып, ауыл халқын жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда серіктестікте 230 шіркейлілік ерінбей еңбек етіп,…

Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ДІНИ САНА

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ  ЖӘНЕ ДІНИ САНА

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған маңызды міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Рухани жаңғыру және діни сана» тақырыбында өрбіген алқалы бас­қо­суға аудан әкімі Ғанибек Қазантаев, «Қазақстанның Еңбек сіңір­ген қай­рат­кері», филология ғылым­дарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Парламент Сенатының ІV және V шықырылым депутаты Әділ Ахметов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, ғалым Айнұр Әбдірәсілқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университеті қазақ әдебиеті…

Толығырақ

СЕРПІНДІ СЫРДАРИЯ: ТАБЫС БЕЛЕСІНДЕ

СЕРПІНДІ СЫРДАРИЯ: ТАБЫС БЕЛЕСІНДЕ

Елбасы Жолдауларын және конституциялық реформаларды жүзеге асыру бойынша Сыр елінде серпінді жұмыстар жүргізілуде. Аймақтың іргелі ауданының бірі – Сырдария ауданы соңғы 4 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен облыстың алдыңғы қатарына шықты. Мұнда Елбасының ауыл шаруашылығын әртараптандыру, мал шаруашылығын дамыту бойынша берілген тапсырмалары сәтімен жүзеге асырылуда. Оны ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 8 айлық көрсеткеіштерінен анық байқауға болады. Есепті кезеңде ауданымызда экономикалық және қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды. Қаржы. Бюджет саясаты. 2017 жылға арналған аудандық бюджет 8,0 млрд. теңге, оның ішінде өз кірістері 5,4 млрд. теңге көлемінде нақтыланды. 2017 жылдың 1 қыркүйегіне өз кірістеріміздің болжамдық…

Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТ БАҒДАРЛАМАСЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҰЛТ БАҒДАРЛАМАСЫ

Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақала­сындағы руханиятқа қатысты келелі ойлар айтылған. Дін – рухани мәдениеттің қайнар көзі, сондықтан рухани жаңғыру, ұлттық бірегейлік, дін және дәстүр сабақтастығы мәселелерінің дін саласы үшін маңызы қашанда жоғары. Осы өзекті тақырыптарды қозғаған Елбасы мақаласы құндылықтық бағдарларды қайта безбендеу­­ге мол мүмкіндік берді. Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар. Дәстүрлі құндылықтар дәстүрлі қоғаммен үндестікте – соның аясында қалыптасады, оның ішкі тұрақтылығына қызмет етеді және сол қоғам арқылы сақталады. Дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруға қоғамның бірнеше…

Толығырақ

ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ: БІРЛІК ПЕН ТҰТАСТЫҚ КЕПІЛІ

ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ: БІРЛІК ПЕН ТҰТАСТЫҚ КЕПІЛІ

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақстанның үшінші жаңғыру кезіндегі бас­­ты мақсат – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі екенін айтты. Бұл маңызды қадам әлеуметтік еңбек саласына да бірқатар міндеттер жүктеді. Мұның бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Осы мақсатта халықтың жұмысқа орналасуына жәрдемдесіп, сұраныс жоғары кәсіптерге қайта оқыту, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету сияқты жұмыстарға айрықша маңыз беріліп отыр. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру орындарында тегін оқуына жағдай жасалып, жаңа кәсіпті игеруде қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруда. Бұл үшін мемлекет тарапынан оқу ақысы, шәкіртақы төленуде. Еңбек нарығын жаңғыртудың келесі…

Толығырақ

ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІНДЕЙ

ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІНДЕЙ

Еліміз егемендік алып, дамудың дара жолына түскеннен кейін ата-бабаларымыздың ел үшін сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа таныту, еңбегіне баға беріп, құрмет көрсету – жас ұрпақтың бұлжымас борышы саналады. Олардың ел үшін жасаған үрдісті істері бүгінгі толқынға үлгі-өнеге екені анық. Сондықтан ел дамуына айрықша еңбегі бар кешегі ағаларды дәріптеу жас толқынға тәлімді тәрбие болмақ. Биыл Асқар ауылының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан ардақты азамат О.Сақыбековтың туғанына 100 жыл толып отыр.  «Ел» деп емірене еңбек еткен тұлғаның жанкешті жұмысы көпке белгілі.  Ол қиын-қыстау кезеңде шатқаяқтаған шаруашылық жұмысын ілгері тартып, тынбай еңбек еткен жандардың бірегейі….

Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БОЛАШАҒЫ – ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ

МЕМЛЕКЕТ БОЛАШАҒЫ – ЛАТЫН ӘЛІПБИІНДЕ

Президенттің әліпбиді латын қаріпіне көшіру туралы айтып жүргеніне де 10-15 жылдың жүзі болды. Бұл – өмірлік қажеттіліктен туындап тұрған маңызды шешім. «Сабақты ине сәтімен» дегендей әліпбиді ауыстыру – қазақ үшін де тиімді. соған сәйкес батыл қадамдар жасайтын кез келді. Әбір халықтың, ұлттың бойында нақты шешім қабылдайтын кезеңдер болады. Сол шешім қабылданған екен, әрі тартып, бері тартпай, халық болып бұл маңызды істі қолдауымыз керек. Өзбекстан, Әзірбайжан секілді елдердің әліпби ауыстыру кезінде кеткен қателіктерін жібермей, сол елдердің тәжірибелерін зерттеп, кемшіліктерін ескеру қажет. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дегендей нақты жұмыс жасауымыз…

Толығырақ

КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА

КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласына орай «Туған жер» бағдарламасы түзілгені белгілі. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында «Кітапханаға 100 кітап сыйла» республикалық жобасы қабылданды. Соған сәйкес, бұрнағы күні аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Кітапханаға кітап сыйла» акция өтті. Акция басталмас бұрын кітапханашылар шағын флешмоб ұйымдастырды. Мұнан кейін акцияның негізгі кезеңі басталып, аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Әсемкүл Қосымова іс-шараның негізгі мақсатын айтып өтті. Сонымен бірге, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Өтебаев сөз сөйлеп, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында кітапхана қызметкерлерінің игі…

Толығырақ