ҚАЗАҚСТАНДА АИ-92 БЕНЗИНІНІҢ БАҒАСЫ ҚАНШАҒА ӨСУІ МҮМКІН?

ҚАЗАҚСТАНДА АИ-92 БЕНЗИНІНІҢ БАҒАСЫ ҚАНШАҒА ӨСУІ МҮМКІН?

Қазақстанның жанармай бекеттерінде бензин бағасы Ресейдің көтерме бағалары мен үстеме шығындарға тәуелді Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне 157 теңгеге дейін өсуі мүмкін, деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз Өнімдері» операциялық басқармасының бас директоры Нұркен Мырзағалиев. «Баға көтерме тасымалының бағасына тәуелді, бағаның өзі Ресейдегі баға есебінен анықталып, өзіндік құнына қосылады. Яғни көтерме бағаға біздің үстеме шығындар – тасымалдау, сақтау және ең төмен маржа қосылады. Сол бағада сатамыз. Болашақтағы импортты ескере отырып, болжайтын болсақ, 92-ші бензиннің литрі  155-157 теңге тұратын болды», — деді Мырзағалиев. Ол Қазақстанның кей өңірлерінде бензин талонмен сатылатынын айтып өтті. «https://sputniknews.kz/

Толығырақ

ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Алдағы үш күнде (3-5 қазан) Таймыр түбегінен енетін суық ауа массаларына байланысты  еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Мұндай ауа-райы  тіпті еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында да айналып өтпейді, деп хабарлайды Қазгидромет. Бұл күндері ауа температурасы: солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде 0… 8 аяз, күндіз 0… 5 жылыға дейін төмендейді; оңтүстікте және оңтүстік-шығысында түнде 3 аяз… 5 жылыға дейін, күндіз  5… 13 жылыға дейін төмендейді. Есесіне еліміздің батыс өңірінде антициклонның ықпалымен ашық ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 3 аяз…5 жылыға дейін, күндіз 8…16 жылыға дейін жоғарлайды….

Толығырақ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАНАДЫ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАНАДЫ

29 қазанда Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандық мәслихаттарының босап қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі. Дауыс беруге 12226 сайлаушы қатысады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз мәслихатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдеді. Жалпы, аталған мәслихаттардағы 4 депутаттық мандатқа 12 кандидат ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы – 46, ең үлкені 60-та, ең жасы 26 жаста. Тіркелген кандидаттардың қатарында 2 мектеп директоры, емдеу мекемесінің 3 қызметкері, 2 жеке кәсіпкер, 2 мұғалім, 1 мемлекеттік қызметкер, 1 саяси партияның, 1 қоғамдық бірлестіктің өкілі бар. Сайлауды ұйымдастыруға облыстық, 3 аудандық аумақтық, 4 аудандық…

Толығырақ

АЛМАТЫДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 550-ДЕН АСТАМ ЖАҢА АВТОБУС ПАЙДА БОЛАДЫ

АЛМАТЫДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 550-ДЕН АСТАМ ЖАҢА АВТОБУС ПАЙДА БОЛАДЫ

Қала билігі жақсы автобустардың санын 70%-ға жеткізуді көздейді Алматыда жыл соңына дейін 554 жаңа автобус қызмет көрсететін болады, деп хабарлады жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов. «Алматыэлектротранс» 300 автобус сатып алды, бүгін алғашқы 15 автобус жіберілді, екі күн сайын 15  автобус жіберіп отырады, желтоқсан ортасына дейін 300 автобус алып, іске қосамыз деп ойлаймын», — деді Мақсұт Исахов. Оның айтуынша, жеке тасымалдаушылар тағы 254 автобус сатып алып қойған, олардың бір бөлігі жыл соңына дейін жеткізіледі. https://sputniknews.kz/

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Еңбек күніне орай Қызылордада 4-ші еңбек әулеттерінің форумы өтті. Еңбек әулеттері арасында өткізілген сайыстың жеңімпаздары болып Қазалы ауданындағы Жадиевтердің педагогтар отбасы (36 адам бар, барлық педагогтық еңбек өтілі 812 жылды құрайды), теміржолшылар Наурызбаевтар жанұясы (8 адам, барлығы 236 жыл жұмыс өтілі), Арал ауданынан дәрігерлер Қорғамбаевтар отбасы (4 адам, 78 жыл жұмыс өтілі), жалағаштық су шаруашылығы саласының қызметкерлері Табынбаевтар (8 адам, 98 жыл жұмыс өтілі), және Шиелі ауданынан омарташы Тоқтыбаевтар отбасы (10 адам, жалпы жұмыс өтілі 80 жыл) танылды. Сондай-ақ, форум аясында «Еңбек жолы» республикалық форумның жергілікті өңірде өткен сайысының жеңімпаздары,…

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНАРМАЙ БЕКЕТТЕРІНДЕ БЕНЗИННІҢ БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНАРМАЙ БЕКЕТТЕРІНДЕ БЕНЗИННІҢ БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?

АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 147 теңгеден 151 теңге дейінгі аралықта болып тұр Қазақстандық жанармай бекеттеріндегі АИ-92 маркалы бензиннің бағасының бір литрі 151 теңге болды. Астанадағы «Газпромнефть» жанармай бекетіндегі АИ-95 маркалы бензиннің бағасы — 164 теңге, АИ-92 –151 теңге, дизелді отынның бағасы — 150 теңге. «Аурика» жанармай бекетінде АИ-95 бензині — 169 теңге, АИ-92  —151, дизелді отын – 159 теңге болды.   Ресми ақпараттарға сәйкес, «Royal Petrol» жанармай бекетінде АИ-98 маркалы бензиннің бағасы — 170 теңге, АИ-95 – 164 теңге, АИ-92 – 150 теңге, дизелді отын – 148 теңге, автогаз – 72 теңге болды. Helios ресми…

Толығырақ

ПУТИНЦЕВА ҚЫТАЙЛЫҚ ТЕННИСШІГЕ ЕСЕ ЖІБЕРДІ

ПУТИНЦЕВА ҚЫТАЙЛЫҚ ТЕННИСШІГЕ ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бейжің қаласында өткен қытайдың теннистен ашық біріншілігінің (China open-2017) алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 1 қазан күні өткен алғашқы айналым бәсекесінде, отандасымыз әлемнің 26-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Алайда Путинцева екі сетте 4:6,4:6 есебімен қарсыласына есе жіберіп, келесі айналымға өтпей қалды. Бұл екі теннисшінің алғаш рет белдесуі. Айта кетейік, Путинцева WTA-ның жаңартылған рейтингінде 48-інші орыннан 47-ге көтерілді. Еске салайық, қыркүйек айында Жапония астанасы Токиода өткен жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс Чжан Шуайды 6:4 және 6:2 есебімен жеңген болатын. http://www.inform.kz/kz  

Толығырақ

IBF-ТІҢ ҮМІТКЕРІ GGG-МЕН БОКСТАСУҒА ДАЙЫН

IBF-ТІҢ ҮМІТКЕРІ GGG-МЕН БОКСТАСУҒА ДАЙЫН

Орта салмақтағы IBF белбеуінен міндетті үміткер Сергей Деревянченко аталған титулдың иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға даяр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Білуімше, қазіргі кезде Головкин демалып жүр. Одан кейін олар Альвареске қарсы екінші жекпе-жекті өткізуді көздейді. Бұл жерде көп нәрсе помоутерлерге байланысты ғой», — деді украиналық боксшы Деревянченко Sports.kz сайтына берген сұxбатында. Оның ойынша, Головкин жылдам боксшылармен дұрыс бокстаса алмайды. Себебі олар шапшаң, ондай боксшыларды қуа бергеннен күш сарқылады. «Мәселен, Джейкобсқа қарсы жекпе-жекте Головкин үшін қарсыласын қуа берген оңай емес екені байқалды. Ал адам бір жерде тұра берсе, қатты соққыны дарыту жеңіл»,…

Толығырақ

WBC ГОЛОВКИН — АЛЬВАРЕС РЕВАНШЫН САНКЦИЯЛАДЫ

WBC ГОЛОВКИН — АЛЬВАРЕС РЕВАНШЫН САНКЦИЯЛАДЫ

Бакуде Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) 55-і конвенциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz. Атап айтқанда, онда WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қатысуымен өтетін кезекті жекпе-жек  мәселесін қаралды. Бұдан бұрын ұйым президенті Маурисио Сулейман екі нұсқаны атаған еді — міндетті үміткер Джермаллом Чарломен (26-0, 20 КО) жекпе-жек немесе Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта айқас. Басымдық реваншқа берілді. Сулейман тараптарды айқасты өткізу шарттарын тезірек мақұлдасуға шақырды. Еске салайық, Головкин — Альварес бірінші айқасы тең нәтижемен аяқталды. Реванш 2018 жылдың 5 мамыр күні өтеді деп күтілуде….

Толығырақ

ДУБАЙДА ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ФОТОРАМКА АШЫЛАДЫ

ДУБАЙДА ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ФОТОРАМКА АШЫЛАДЫ

Осы жылдың қараша айында Дубайда әлемдегі ең үлкен фоторамка ашылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 2013 жылы басталған жобаның құны – 43, 6 млн доллар. Дубайдың көрікті жерлерінің қатарын толықтыратын фоторамка ресми түрде 2015 жылы ашылуы тиіс еді, алайда қажетті құрылыс материалдарының жетпеуінен кейінге шегерілген. Рамканың биіктігі – 150 метр, ені – 93 метр. Пішіні жағынан сурет қоятын рамкаға ұқсайтын нысан Zabeel Park саябағында орналасқан. Фоторамканың бір жағынан қазіргі Дубай көрінсе, қарсы жағынан ескі шаһарды тамашалауға мүмкіндік бар. Ғимараттың бірінші қабатында музей мен көрме залы ашылады….

Толығырақ