ДЕПУТАТ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАР ҮШІН НЕСИЕНІҢ ПАЙЫЗЫН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

ДЕПУТАТ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАР ҮШІН НЕСИЕНІҢ ПАЙЫЗЫН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін несиенің пайызын төмендетуді қарастырмақ Мәжіліс депутаты Марат Бопазовтың пікірінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесін қарастыруы керек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы уақытқа дейін 17 миллирад теңге пайда тапқан екен. Осының есебінен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету банктің жоспарында бар ма? Көптеген азаматтың үй алуға мүмкіндігі жоқ. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен болса, менің ойымша, бұл мәселені 40 пайызға шешер еді. Қазіргі таңда…

Толығырақ

СИНОПТИКТЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫСЫНДА ЖЕЛДІҢ КҮШЕЮІН БОЛЖАЙДЫ

СИНОПТИКТЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫСЫНДА ЖЕЛДІҢ КҮШЕЮІН БОЛЖАЙДЫ

Қазақстанның үш аймағында желдің күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланды Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында  дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет». «27 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, таңертең және күндіз желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді деп күтіледі. 27-ші қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.   27 қыркүйекте тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді деп күтіледі», — делінген хабарламада. Бұған дейін синоптиктер Қазақстан…

Толығырақ

2018 ЖЫЛЫ БАСПАНА БАҒАСЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

2018 ЖЫЛЫ БАСПАНА БАҒАСЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Келесі жылы елімізде 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады   ҚР Инвестициялар және даму министрлігі келесі жылы жаңа тұрғын үй нарығында баға өспейді деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, мемлекет тұрғын үй құрылысын тұрақты түрде қаржыландырып отырғандықтан жаңа баспаналар мен пайдаланылып жүрген үйлердің қымбаттауына жол берілмеді. «Өңірлерде пәтердің бір шаршы метрінің бағасы — 140 мың теңге. Бұл несиеге берілетін үйлер, олар кейін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатылымға шығарылады. Ал Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында пәтердің бір шаршы метрі 180 мың теңге. 2…

Толығырақ

ҚЫТАЙДА WHATSAPP МЕССЕНДЖЕРІ БҰҒАТТАЛДЫ

ҚЫТАЙДА WHATSAPP МЕССЕНДЖЕРІ БҰҒАТТАЛДЫ

Қытай билігіндегілер ҚХР Коммунистік партиясының кезекті съезінің алдында WhatsApp мессенджерін бұғаттап тастады, — деп жазады The New York Times. Басылымның мәліметінше, Instagram желісі де істемей тұр. Шілде айының ортасында Қытай билігі WhatsApp мессенджерінде видео мен суреттер жіберу функцияларын бұғаттай бастады. Бірақ хабарлама жіберу мүмкіндігі болды. Ал енді тіпті хабарлама жазып жіберу немесе хат алу мүмкін болмай отыр. Сондай-ақ, Қытай билігінің интернет-сервистерді жиі бұғаттап отыратыны айтылады. https://kaz.tengrinews.kz/

Толығырақ

САРА ТОҚТАМЫСОВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ҚАНЖЫҒАЛАДЫ

САРА ТОҚТАМЫСОВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ҚАНЖЫҒАЛАДЫ

Бүгін Талдықорғанда Ескелді би Жылгелдіұлының 325 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасында Сара Тоқтамысова бас жүлдені жеңіп, бір миллион теңгені қанжығалады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ал І орынды Алматы облысы атынан шыққан  Жандарбек Бұлғақов, ІІ  орынды  астаналық Айнұр Тұрсынбаева, ІІІ орынды  Атырау облысынан келген Сырымбек Сəрсембаев жеңіп алды. Жетісулықтардың делебесін қоздырған айтыста тағы бес ақын, атап айтқанда, Жалғас Садыр, Арзыгүл Қайыңбек, Сырым Əуезхан, Балғынбек Имашев, Əсет Дүйсебаев белсене қатысқаны үшін ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Шараның басты мақсаты — елі үшін еңбек еткен тарихи тұлғаның өмірін, ерліктері мен төрелігін ақындар…

Толығырақ

КОРЕЯ АҚТӨБЕ МЕДИЦИНАСЫНА 40 МЛН ДОЛЛАР ГРАНТ БӨЛЕДІ

КОРЕЯ АҚТӨБЕ МЕДИЦИНАСЫНА 40 МЛН ДОЛЛАР ГРАНТ БӨЛЕДІ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Kорея Tелеком» корпорациясының, Пусан ұлттық университетінің госпиталі мен Пусан технопаркінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбеде медициналық кластерді дамыту туралы тапсырмасына орай, өңірде Оңтүстік Кореямен тығыз байланыс орнады. Әрі Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяға сапары кезінде цифрлық денсаулық сақтау жүйесіне ақпараттық-байланыс технологияларын трансферттеу келісімін жасаған болатын. Қазір осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі алдағы 5 жылда Корея 40 миллион АҚШ долллары көлемінде грант бөлінетінін жеткізді. «Мемлекет басшысы бізге дамыған 30…

Толығырақ

САҒАДИЕВ ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІКТЕР МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

САҒАДИЕВ ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІКТЕР МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Бүгінде мектептерді кең жолақты интернетке қосу саласында бірыңғай теxникалық саясат жоқ. Соның салдарынан білім және ғылым министрлігі электронды күнделік сияқты жобаларды толыққанды іске асыра алмай отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінде электронды күнделіктерді толыққанды пайдалану үшін кең жолақты интернет аса қажет. «Соның арқасында біз қағазбасты жұмыстан арыламыз. Жалпы, осы саладағы шаралар білім беру саласын цифрландыруға жол ашады. Сол кезде әрбір баланың жеке кабинеті болады. Онда балабақшадан бастап PhD-ға дейінгі барлық ақпарат, барлық бағалар сақталады. Олимпиадалар, портфолио, дипломдар – бәрі-бәрі электронды үлгіде сақталады. Бұның барлығын іске асыру үшін мектептерде кең жолақты…

Толығырақ

РЕСЕЙДЕ FACEBOOK БҰҒАТТАЛУЫ МҮМКІН

РЕСЕЙДЕ FACEBOOK БҰҒАТТАЛУЫ МҮМКІН

Facebook компаниясы Ресей аумағында ресейліктерге қатысты жеке мәліметтерді сақтау туралы заңның талаптарын орындамайтын болса, Facebook бұғатталады, — деп хабарлайды РИА Новости. «Заң барлығына бірдей, сондықтан біз міндетті түрде заңды орындатамыз немесе бұл компания, өкінішке қарай, LinkedIn сияқты Ресей Федерациясы аумағында жұмысын тоқтатады», — деді Ресей коммуникациясын тексеру қызметінің басшысы Александр Жаров. Сондай-ақ, Александр Жаров Facebook желісін Ресей аумағындағы қолданушылардың біраз бөлігі қолданатынын айтып өтті. Бірақ, айтуынша, Facebook жалғыз сервис түрі емес, басқа да әлеуметтік желілерді қолдануға болады. «Сондықтан да біз Facebook компаниясына 242-ші заңды орындатқызамыз», — деді Александр Жаров. https://kaz.tengrinews.kz/

Толығырақ

ГОЛОВКИН МЕН АЛЬВАРЕСТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ТҮСІРГЕН ТАБЫСЫ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ

ГОЛОВКИН МЕН АЛЬВАРЕСТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ТҮСІРГЕН ТАБЫСЫ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ

Daily Mail таблойды орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) Лас-Вегастағы жекпе-жектен қанша табыс тапқанына қатысты мәліметті жария етті.  Басылымшың мәліметінше, Головкиннің табысы 25 миллион доллар да, Альварес 35 миллион доллар табысқа кенелген. Бұл қос боксшының да карьерасындағы ең көп гонорар.  Алайда бұл сомаға билеттердің сатылымынан және ақылы трансляциялар жүйесінен (PPV) түскен қаражаттың кірген-кірмегені белгісіз қалып отыр. Головкин мен Альварестің кепілдендірілген гонорары үш және бес миллион доллар. Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин — Альварес жекпе-жегі…

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ БАНК ТҰРҒЫНДАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

ҰЛТТЫҚ БАНК ТҰРҒЫНДАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Теңгенің құбылуынан пайда табамын дегендердің оңбай шығынға батуы мүмкін! Бүгін Ұлттық банк төрағасы азаматтарға осындай ескерту жасады. Ақышевтің айтуынша, қазір еліміздегі макроэкономикалық жағдай қалыпты. Сондықтан, теңгенің нығайып, шетел валютасына жүгіргендердің аяқасты ұтылуы ықтимал. Бірақ, бұған қарамастан елімізде доллар сатып алушылар азаймай тұр. Соңғы кездері сұраныс тіпті 2 есе артыпты, – деп хабарлады КТК арнасы. Әсіресе тамыз айында доллар алушылар саны күрт артқан. Тек бір айда 313 миллиард 600 миллионға шетелдік валюта сатып алынса, соның 93 пайызы АҚШ валютасына жұмсалыпты. 5 жарым пайызы еуро, 1 жарым пайызы рубль сатып алуға кеткен. Ал, жыл…

Толығырақ