ЛОНДОН МЕТРОСЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

ЛОНДОН МЕТРОСЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында жарылыс болды –деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі. Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Лондон метросының Парсонс-Грин аялдамасы маңына жете бергенде вагондардың бірінде жарылыс болған. Оқиға  орынында болған әйел адамның сөзінше, жарылыс кезінде вагон ішіндегі халықтың саны өте көп болған және жарылыстың салдарынан бірнеше адам дене жарақатын алған. Бірақ бұл ақпаратты Ұлыбритания ресми органдары әлі растамаған. Алайда Лондон полициясы Парсонс-Грин аялдамасында болған жағдайдан хабардар екенін айтқан. Қазіргі таңда оқиға орынына жедел жәрдем, құтқару қызметі келген және метро маңайын жергілікті полиция қызметкерлері қоршауға алған. Айта кететін бір жайт, бұған дейін АҚШ…

Толығырақ

АҚШ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША ТЕРРОРЛЫҚ ШАБУЫЛДАРДЫҢ КӨБЕЙЕТІНІН ЕСКЕРТТІ

АҚШ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША ТЕРРОРЛЫҚ ШАБУЫЛДАРДЫҢ КӨБЕЙЕТІНІН ЕСКЕРТТІ

АҚШ мемлекеттік департаменті алдағы уақытта дүниежүзі бойынша террорлық шабуылдардың көбейетінін ескертті. Мемлекеттік департамент таратқан ескертулер бойынша, жақын аралықта әлемде лаңкестік шабуылдардың саны артатын болады. Атап айтқанда Украина, Түркия, Мысыр елдерінде террорлық шабуылдар жиілеуі мүмкін. Америка халқына арналған ескертуде жоғарыда аталған елдерден бөлек, америкалықтарға Солтүстік Корея, Иран, Ауғанстан мемлекеттеріне бару өте қауіпті екені айтылған. Айта кететін бір жайт 2016 жылы әлем бойынша, 13,4 мың террорлық шабуыл оқиғасы тіргеліп, салдарынан 34,7 мың адам көз жұмған. “The Qazaq Times”

Толығырақ

ДАМУДЫҢ БЕТБҰРЫС БЕЛЕСІ («100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫ)

ДАМУДЫҢ БЕТБҰРЫС БЕЛЕСІ («100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПАРЫ)

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  2017 жылдың 15 қыркүйегі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  саясатын зерделеу, Ұлт жоспарын іске асыру маңыздылығын түсіндіру мақсатында  «Дамудың бетбұрыс белесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Қызылорда гуманитарлық колледжінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, педагог — психолог Қосжанова Айнұр Сатыбайқызы,  «Жастар» комитетінің төрағасы Сүгірбай Жарылқасын, №15 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Аққожаева Аида Жұмабекқызы,Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Бекмағанбетова Гүлназ Мырзабекқызы,  Қызылорда гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Жақсыбекова Шұғыла,  Абылай атындағы колледжінің кітапханашы сы Қоспанова Айымкүл,№5547 әскери бөлімі кітапханасының…

Толығырақ

АЛЬПИНИСТЕР «ӨРМЕКШІ АДАМҒА» ҚАЛАЙ АЙНАЛАДЫ?

АЛЬПИНИСТЕР «ӨРМЕКШІ АДАМҒА» ҚАЛАЙ АЙНАЛАДЫ?

Өндірістік альпинизм – қауіп-қатерге толы кәсіп. Бір ғана қателік, өмірмен қош айтысады. Соған қарамастан бұл мамандықты таңдаушылардың қатары көп. Мамандығым – «өрмекші» Халық арасында осындай атақ алған өндірістік альпинистер Қазақстанда сұранысқа ие әрі жаңа игерілген кәсіпті меңгергендер. Өйткені әйнектен салынған биік ғимараттардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мақсат Боқановтың бұл салаға келгеніне 6 жыл. Жасы 27-де. Осы мамандыққа дейін жартасқа өрмелепті. Тіпті халықаралық жарыстардан жүлделі орындар алған. Сондықтан көп қабатты үйлердің әйнегін жуу ол үшін қиындық туғызбаған. – Мен 12 жасымнан бастап жартастарға өрмелеуді үйрендім. Бұл спорт түрінің хас…

Толығырақ

I’M A SINGER KAZAKHSTAN ЖОБАСЫ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ

I’M A SINGER KAZAKHSTAN ЖОБАСЫ КАСТИНГ ЖАРИЯЛАДЫ

1 арна I’m A Singer Kazakhstan жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бізге өтініш жіберген жүздеген адам «Халық қазылығының» құрамына еніп, ғаламат музыкалық шоудың жеңімпазын таңдау құқығына ие бола алады. 31 арнада биылғы күздің ең айтулы музыкалық оқиғасы I’m A Singer Kazakhstan жобасына қызу дайындық жүріп жатыр. Қатысушылар іріктелді. Енді кезек көрермендерге келді. Талант-шоудың форматына сәйкес ең үздік орындаушы халықтың дауыс беруінің нәтижесінде анықталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бүгінгі таңда үздіктерді іріктеуді мейлінше тәуелсіз, ең объективті әдісі осы екен. «Бұл жобада үздіктерді іріктеудің бүгінгі таңдағы ең демократиялық және…

Толығырақ

ГОЛОВКИН ЖЕКПЕ-ЖЕГІ 130 ЕЛДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

ГОЛОВКИН ЖЕКПЕ-ЖЕГІ 130 ЕЛДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Промоутер Том Леффлер 16 қыркүйекте Геннадий Головкин Сауль Альваресті жеңсе оның танымалдылығы арта түседі деп санайды. Бұл туралы Вnews.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «Бұл кездесуді көпшілік асыға күтуде. Геннадий үшін де арман болған жекпе-жек. «Канеломен» шаршы алаңда жұдырықтасу өзгелерінен мүлдем басқаша деңгейде болмақ. Жеңіске жетер болса жанкүйерлер саны да арта түсері анық. Жекпе-жекті тамашалағысы келетіндер 3 апта бұрын билетті сатып алды, ол 120-130 мемлекетте көрсетілетін болады», — деді Леффлер The Ring тілшісіне берген сұхбатында.

Толығырақ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТКІЗІЛЕДІ

2017 жылдың 18-24 қыркүйек күндері «Келбеті көркем, келешегі кемел — Қызылорда» қала күнін атап өтіледі. Қала күнінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ә.Қашаубаев көшесінің бойында (Жетікөл көшесімен қиылысы) қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлерінің қатысуларымен, С.Толыбеков көшесінің бойында (Е. Әуелбеков көшесі мен М. Әуезов көшесінің аралығы) Жаңақорған және Тасбөгет кентінде (Орталық алаңында) Сырдария аудандарының қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері 2017 жылдың 23 қыркүйек күні сағат: 8:00-14:00 аралығында ұйымдастырылады. Қызылорда қаласы әкімдігі баршаңызды ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысуға шақырады.

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР 592 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР 592 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов биылғы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттер туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы тұрғындар үлесінің 26,5 пайызын құрап, 203 594 адамға жетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік — әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 113 млн теңге бөлініп, облыстың 138 елді мекенде 270 спорт нұсқаушылары жұмыс жасап, олар 41 040 тұрғынды спортпен шұғылдандыруда. Жыл басынан бері саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыста 1040 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 234 587 адам қатысты. Оныңішінде маңызды шаралардың…

Толығырақ

ФЕРМЕРЛЕРГЕ СУБСИДИЯ ОНЛАЙН ТҮРДЕ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

ФЕРМЕРЛЕРГЕ СУБСИДИЯ ОНЛАЙН ТҮРДЕ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

АШМ субсидиялауды толық автоматтандыруға көшуде. Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың үш бағыты бойынша: жерді тыңайту, гербицидтер, несие және лизинг бойынша толығымен автоматтандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ті цифрландыру департаментінің директоры Бауыржан Айымбетов мәлім етті. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырудың ағымдағы жағдайына келетін болсақ, ауыл шаруашылығы саласында 100 мемлекеттік қызмет бар екенін айта кеткеніміз жөн. Оның ішінде 42-сін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көрсетсе, 50-ін жергілікті атқарушы органдар, 8-ін мемлекеттік корпорациялар көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, Минситрлік ақпараттық жүйелер арқылы ветеринария,…

Толығырақ

GOOGLE МЕН YANDEX МАМАНДАРЫ ҚАЗАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ИНТЕРНЕТ САУДАНЫ ҮЙРЕТЕДІ

GOOGLE МЕН YANDEX МАМАНДАРЫ ҚАЗАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ИНТЕРНЕТ САУДАНЫ ҮЙРЕТЕДІ

Google және Яндекс компанияларының сарапшылары алматылық кәсіпкерлермен тәжірбие бөліседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы кәсіпкерлер палатасы әлемдік және қазақстандық компания сарапшылары дәріс беретін «Digital marketing workshop» интернет-маркетинг сабақтарын бастады. Шараның ашылуында сөз алған Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов кәсіпкерлер үшін семинар тегін ұйымдастырылып отырғанын айтты. «Алматы кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҰКП-сы да кәсіпкерлерге консалтингтік қолдау қажеттігіне көз жеткізді. Бизнеске маркетологтардың көмегі қажет. Сондықтан, маркетинг бойынша сауаттылық арттыруға арналған 6 жобамыз бар. Алматы кәсіпкерлер палатасында 15 маркетолог көмек көрсетеді. Сонымен қатар, біз маркетологтар клубын аштық. «Digitalmarketing workshop» бағдарламасын біз…

Толығырақ