ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТУҒАН ЖЕРІМ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАУ АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТУҒАН ЖЕРІМ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАУ АЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында жасотандықтар баспасөз мәслихатында мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» тақырыбында аймақтық шығармашылық байқаудың басталғандығы туралы жария етті. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында ұйымдастырылып отырған байқау «Туған өлкенің ұмытылмас тарихы», «Отанның табиғи игілігі», «Отанның танымал тұлғалары» Туған өлкенің мәдени мұрасы тақырыптарында 6 номинация бойынша өтпек. Үміткерлердің шығармаларын, аймақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары төрағалық ететін «Жас Отан» Жастар қанаты мен аймақтық білім басқармаларының жауапты қызметкерлерінен, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарынан, аймақтың көрнекті қоғам қайраткерлерімен белгілі…

Толығырақ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАРТИЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПАРТИЯНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Қызылордада «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында отбасы күніне орай «Біз спорттық отбасымыз» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа «Дарын» бастауыш партия ұйымынан 4 команда қатысты. Олар көп балалы отбасылардан жасақталған. Сайыстың негізгі мақсаты — спорттың бұқаралығын арттыру және отбасындағы бірлік пен татулықты берік ұстану негіздерін насихаттау болды. Шараны ашқан «Дарын» БПҰ төрағасы Әбунәсір Алдабергенов Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев әр уақытта да ұрпақ тәрбиесіне, отбасы және демография саясатына мән беріп келе жатқандығын, отбасылардың мемлекет қамқорлығына алынғандығын, соның бір айғағы ретінде өткен жылдан бері халқымыздың қыркүйек айының екінші…

Толығырақ

Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ 63-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ 63-ШІ ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ

  Құрметті өнер сүйер қауым Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 63-ші ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ ашылуына орай Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясын көрермен назарына ұсынады. Олай болса, 8 қыркүйек күні сағат 19.00-де спектакльді тамашалауға келіңіздер!     Өтетін орны: Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры     Байланыс телефондары: 8(7242)27-67-34. 8(7242)27-28-93.

Толығырақ

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ БІРҚАТАР ӨҢІРДЕ ҮСІК ЖҮРЕДІ

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ БІРҚАТАР ӨҢІРДЕ ҮСІК ЖҮРЕДІ

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» мамандарына сілтеме жасап. « Түнде 8 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, 8-9 қыркүйекте Павлодар, 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі», — деп хабарлалды мамандар. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, 8 қыркүйекте түнде Астанада да 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. «8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Орал қаласында да 8 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке…

Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НЫҒАЙЫП ЖАТЫР

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА НЫҒАЙЫП ЖАТЫР

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 7 қыркүйектегі күндізгі саудасында 335,55 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, таңғы сессияда доллар бағамы 338 теңге болған еді. 7 қыркүйектегі күндізгі сауданың бірінші келісімі 338,3 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны 334,53 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 164,950 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 335-338 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 15.35-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54,62 доллар болды. https://kaz.tengrinews.kz/

Толығырақ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ДЖИБУТИ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИСМАИЛ ОМАР ГЕЛЛЕМЕН КЕЗДЕСТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ДЖИБУТИ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИСМАИЛ ОМАР ГЕЛЛЕМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесуде Мемлекет басшысы Джибути Республикасының Президентін Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады. – Сіздің сапарыңыз «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келді. Еліңіз тәуелсіздіктің 40 жылдығын атап өтті. Сіз бүгінгі сыйлыққа лайықтысыз. Мен сізді құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтасуға зор мән беретініне тоқталып, Джибути Республикасының Африка құрлығында маңызды логистикалық орта саналатынын атап өтті. Исмаил Омар Гелле кездесуге ризашылық білдіріп, бұл оның Астанаға келген екінші сапары екенін айтты. – Мен мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақстанның қарқынды дамып, Астананың таңғаларлықтай…

Толығырақ

БАЛАНС БҰЗЫЛДЫ. ОРЫСТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРЗАН БАҒАСЫНА АҒЫЛУЫ МҮМКІН

БАЛАНС БҰЗЫЛДЫ. ОРЫСТАР ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРЗАН БАҒАСЫНА АҒЫЛУЫ МҮМКІН

Бірер жыл бұрын рубль құны 2,5 теңгеге дейін қымбаттап кеткен кезінде қазақстандықтардың Ресейдің шекаралас аймақтарына сауда жасауға ағылғаны анық. Өткен апта басынан бері тұрақты түрде әлсіреген теңге кеше 9 айылық минимумға дейін түсіп, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 341 теңгеден асып кетсе, рубльдің бағамы 5,9 теңгеге шығып, валюта айырбастау пунктерінде 6 теңгеге дейін қымбаттады. Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта рубльдің бағамы әлі де көтеріле түсуі ықтимал. Айта кетерлігі, мұнай бағасы да апта басынан бері көтеріліп жатыр. АҚШ-тағы дауылдан кейін елдің жанармай қоры азайып, мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы бәсеңдегендіктен, қара алтын қны…

Толығырақ